Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – бұл деректер базасын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені
Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін деректерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі.
Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.
Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.
Деректер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.
Сервер – белгілі бір ресурсты басқарушы компьютер (программа).
Клиент - осы ресурсты қолданушы компьютер немесе программа.
Ресурс - МҚ файлы, файлдық жүйелер, баспа қызметі, пошта қызметі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |