Клиент-серверлік архитектура – деректерді орталықтандырып сақтау, корпоративті МҚ-н ұжымдық қолдану
Буфер – оперативті жады (ОЖ) мен сыртқы жады арасында деректерді алмастыруды жылдамдату үшін қолданатын ОЖ-ң облысы
Транзакция – МҚ деректеріне қолданылатын үзіліссіз, біртіндеп орындалатын операциялар тізбегі
Концептуалдық жобалау - программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау
Логикалық жобалау - ER–диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау
Физикалық жобалау мәліметтердің логикалық моделі нақты реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесінде реляциялық мәліметтер қоры кестелерін қалыптастыру
Бірінші саты- үлкен ЭЕМ – ғы мәліметтер базасы.
МББЖ даму тарихы 30 жылдан асады. 1968ж пайдаланымға IBM фирмасының IMS жүйесінің алғашқы өнеркәсіптік МББЖ енгізілді. 1975ж бірқатар мәліметтер базасы жүйесінің теориясындағы іргелі ұғымдарды анықтаған мәліметтерді өңдеу жүйесінің тілі бойынша алғашқы ассоциация стандарты – Conference of Data System Languages (CODASYL) пайда болды.
Мәліметтер базасы теориясының ары қарай дамуына мәліметтердің реляциялық моделін жасаушы америка математигі Э.Д. Кодд үлкен үлес қосты. 1981ж Э.Ф.Кодд реляциялық модель мен реляциялық алгебраны жасағаны үшін есептеуіш техника бойынша Америка қауымдастығының Тьюрингтік қомақты сыйақысын алды. Осы сәттен бастап отыз шақты жыл өтіп, есептеуіш техниканың алға дамуы, қоғам өміріндегі оның принциптік рөлінің өзгеруі және қуатты ЭЕМ жұмыс желілері мен станцияларының пайда болуы мәліметтер базасы технологиясының дамуына үлкен үлес қосты
Мәліметтер қоры облысындағы зерттеулер қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелерді дамытуда маңызды роль атқарады. Оның іргелі құрауыштары - деректер, аппараттық қамтамасыз ету, программалық орталар өз мәнін сақтап қалғанымен, оның көлемдері, қуаты, мәліметтер қоры мүмкіндіктерінің спектрі шексіз өсуде. Деректер құрылымының күрделену тенденциясы да бақылану үстінде. Сандар мен мәтіндік жолдар түрінде бейнеленетін ақпараттың қарапайым түрлері өз мәнін жоймастан, бүгінде көптеген мультимедиялық құжаттармен, графикалық образдармен және т.б. күрделі ақпараттық формалармен толықтырылуда
Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет
Пәндік облыстың дамуы және жұмысқа араласуына байланысты бұл деректер ішкі структурасы анықталмаған өзара байланыстылық қасиеті жоқ қажетсіз ақпараттың жиынын туындатады. Сол алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәр анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды
Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді.
Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:
-объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын ұйымдастыру
- объектілердің машина ішілік әрі қарай физикалық тарату
Бұл процесс ақпарттық-логикалық модель құру деп аталады. Мұндай модельде объектілер - жазу типтерімен, қасиеті – жазу атрибуттарымен, қатынас – типтер және жазу атрибуттары арасындағы байланыспен көрсетіледі.
Сұрақтар:
1. Мәліметтер қоры деген не
2. Мәліметтер қорының қандай түрлері бар
3. Мәліметтер қорының қолданылу облысы
4. Мәліметтер қорының қажеттілігі
5. Мәліметтер қорының тиімділігі
№2-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |