1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы



бет40/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129
Дәріс №10

Тақырыбы:ДҚ өмірлік циклі. Мәліметтер базасын дамытуды жоспарлау. Мәліметтер базасын жобалау. Қолданбаларды әзірлеу. Мәліметтер қорының тұжырымдамалық дизайны. Entity-Link Model (ERD)

Жоспар:

  • Мәліметтер базасын жобалау элементтері

  • Мәліметтер қоры құрылымына әкімшілік жасаудың модельдері, әдістері және программалық құралдары.

  • Мәліметтер тұтастығын бақылау.

  • Microsoft Access ортасында есеп құру

Мәліметтер қорын жобалау

Мәліметтер базасын жобалау элементтері.

МБ жобалау- ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысты ең күрделі, әрі жауапты міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу нәтижесінде МБ болашақ барлық тұтынушылар үшін тиімді оның мазмұны, мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдері мен оларды басқарудың аспаптық құралдары анықталуы мүмкін.

МБ жобалаудың ірі жүйелері ерекше мұқияттылықты талап ететін, мұнда осы сатыдағы есептеу қателіктерінің құны ерекше жоғары болады. Жобалаудың кейбір қателіктерін МБ реқұрылымдық мен реұйымдастыру құралдары арқылы пайдалану процесінде түзетуге болғанымен, мұндай операциялар барынша қиын, әрі қымбат болып табылады.

МБ жобалау процесінің негізгі мақсаты мына талаптарды қанағаттандырылатын жобаны алудан тұрады:



  1. МБ сызбасының түзулігі (қатыгездігі), мұнда база моделденуші По гомоморрты образы түрінде болуы тиіс және әрбір ПО объктісіне ЭЕМ жадындағы мәліметтер, ал әрбір процеске-мәліметтерді өңдеудің адекватты процедуралары сай келеді.

  2. Шектеулерді қамтамасыз ету.

  3. Жұмыс істеу тиімділігі (мәліметтер сұранысымен жаңаруына жұйе реакциясы уақытының шектелуін сақтау).

  4. Мәліметтерді қорғау

  5. Пайдаланым қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы.

  6. ПО өзгерістеріне және\немесе пайдаланушылар талаптарына даму мен бейімделу мүмкіндігі.

Алғашқы 4 талапты қанағаттандыру жоюа қабылдау үшін міндетті. Қазіргі кезде МБ жобалауды автоматтандырудың бірқатар жүйелері жасалғанымен, бұл жүйелер көптеген кемшіліктерге ие болғандықтан, жасалушылардың орының аспабы бола алмайды.

МБ жобалау процесі мына сатыларды қамтиды:



  1. Ақпаратты- логикалық (информатикалық) жобалау.

  2. Ақпараттық жүйе жұмыс істеуші операциялық жағдайға қойылатын талаптарды анықтау.

  3. ММБЖ мен басқада аспатық бағдарламалық құралдарды таңдау.

  4. МБ физикалық жобалау.

Инфологиялық жобалау.

Инфологиялық әрекет шынайылықты моделдеудің формалды тәсілдерін ұсынбағанымен, ол МБ жобалау методологиясының негіздерін салады.

Инфологиялық жобалаудың бірінші міндеті болып болашақ түтынушылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеуге мүмкіндік беретін жүйенің ПО анықтау табылады. Осы сатының екінші міндеті-ПО талдауы. ПО талдауын мәліметтердің логикалық базасын жасаушылар- аталған ПО-дағы маман орындайды.

ПО инфологиялық моделі ПО құрылымы мен динамикасының жазбасы, жүйенің жүзеге асуына тәуелсіз және пайдаланушыға түсінікті терминдердегі жүйені пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарының сипаты түрінде болады. Бұдан өзге, ПО инфологиялық моделі МБ жасау кезенде қолданылатын мәліметтер моделіне тәуелсіз болуы тиіс.

Негізінен ПО жазбасы жеке емес объктілер мен олардың арасындағы байланыстар терминдерінде өрнектеледі. Мұндай жазба бір мәнді интерпретацияны жүргізуші кез-келген тәсілмен ұсынуы мүмкін.

Қарапайым жағдайларда ПО жазба табиғи тілде ұсынылып, едәуір күрделі тілдерде математикалық аппарат:кесте,диаграммалар, графалар және т.б. қолданылады. Егер По талдауын бірнеше маман орындаса, онда олар мыналарға қатысты келісімдерді қабылдауы тиіс:



  • Пәндік обылыс талдауының қолданушы әдістері;

  • По объктілерінің, атрибуттарымен байланыстарын атау мен өрнектеу тәртіптері;

  • Олар жасаушы құжаттар мазмұны мен форматы;

Ескерту. Аталған көмекші құрал мәтін де мынадай өрнектеулер қолданылады:

  1. Қатынастар атауы курсивпен және асты сызылумен көрсетіліп, жазбаша әріптермен жазылады, мысалы: қызметкерлер.

  2. Қатынастар атрибутының атауы курсивпен және асты сызылумен көрсетіліп, үлкен әріп жазылады, мысалы:Төлем.

  3. Қатынастың кілттік атрибуттары жартылай толық шрифтпен бөлініп көрсетіледі, мысалы:табельдік номер.

  4. Қатынастар арасындағы байланыстар аты курсивпен және асты сызылумен бөлініп көрсетіліп, қатарлық әріптермен жазылады, мысалы: жұмыс істейді.

МБ жобалаудың функционалдық әрекеті.

Бұл әдіс кең таралған болып табылады. Ол «міндеттік» принципті іске асырып, кейбір тұлғалар тобы немесе міндеттер кешені белгілі болған жағдайда ғана қолданылады.

МБ жобалаудың пәндік әрекеті.

Пәндік әрекет жасаушыларда ПО анық ұғымы мен олар МБ-да сақтауы тиіс ақпарат жайлы түсінік болған жағдайда, ол сұраныстар құрылымы анықталмаған немесе толығымен анықталмаған кезде қолданылады, сонда негізгі зейін ПО зерттеуге және оларға ақпараттық сұраныстардың ең кең спектрі есебімен МБ-да оны адекватты түрде өрнектеуге бөлінеді.



«Мән-байланыс әдісін қолдана отырып, жобалау.

«Мән байланыс» (Entry-Relation,ER-method) әдісін 1926жылы П.Чен (Chen P.P.) жасаған болатын. Ол алдыңғы екеуінің комбинациясы болып табылатын, екеуінің артық сұлулықтарына ие болады. Жобалаушы ПО-ны бірқатар локалды обылыстарға бөледі. Әрбір локалдік көрініс жеке моделденеді де, кейін олардың бірігуі жүреді. Локалдік көріністі таңдау ПО масштабтарына тәуелді. Негізінен По әртүрлі жеке сыртқы қосымшаға сай келіп, құрамында 6-7 мән болуы тиіс локалдік облыстарға бөлінеді.

Болуы басқа мәндердің болуына тәуелсіз мәндер базалық, ал қалған мәндер-тәуелді деп аталады. Мысалы, лекция мәні топ, оқытушы, пән базалық мәндеріне тәуелді.

Әрбір мән үшы ені: идентирикалаушы және жазбалаушы (суреттеуші) тапка бөлінетін атрибуттармен анықталады. Идентирикалаушы атрибуттар кілт (немесе кілттер) құрамына еніп, мәндер дараларын түрде тануға мүмкіндік береді. Базалық мәндердің біріншілік кілт құрамында атрибуттардың анықталмаған мәндері болмауы қажет. Біріншілік кілт идентификациялау үшін қажет қажетті атрибуттар санын қамту тиіс. Мазмұндаушы атрибуттар пайдаланушыларды қызықтырушы мәндер қасиетін қарастырады.

Атрибуттар спецификациясы оның атауынан, мәліметтер типін көрсету мен тұтастықты жүктеу жазбасынан тұрады.

Ары қарай байланыстар спецификациясы іске асады: локалді көрініс ішіндегі мәндер арасындағы байланыстар анықталады.

Әрбір байланысқа ат беріледі. «Мән-мән» типіндегі байланыстар спецификациясынан өзге «мән-атрибут» және «атрибут-атрибут» типіндегі байланыстар спецификациясы орындалады.

Жобалаушы біріктіру кезінде локалдік көріністерге қолданылған тақырыптарға қатысы бойынша туынды конструкцияларды қалыптастыруы мүмкін. Осындай абстракцияны енгізу мақсаты:



  • бір объектінің түрлі қасиеттері жайлы біріңғай тұтас фрагменттік көріністерді біріктіру;

  • жүйе міндеттерін шешу үшін ыңғайлы абстракттілік ұжымдарды енгізу, біршама нақты модель ұжымдарымен олардың байланыстарын анықтау;

  • Объектілердің кластары мен класстыларын түзу.

Локалдік облыстардың кішігірім мөлшері кезінде бірігуі бір қадам үшін орындалады. Қарама-қарсы жағдайда негізінен бинарлы бірігуі орындалады. Көріністерді біріктіру кезінде үш негіз қалаушы концепция қолданылады.

  1. Ұқсастық. Моделдің екі немесе одан да көп элементтері бірдей семантикалық мәнге ие болса, онда олар ұқсас болады.

  2. Агрегация. Элементтер арасындағы байланысты жаңа элемент ретінде қарастыру мүмкіндік береді. Мысалы, студент,пән,оқытушы пәндері арасындағы емтихан байланысы пән атауы, оқытушы тегі, студент тегі, баға атрибуттары бар агрегатталған емтихан мәнінен ұсынылуы мумкін.

  3. Қорыту. Қорытудың көпдеңдейлік иерархиясын түзуге мүмкіндік береді. Мысалы, біріккен көріністерге мына мәндер болады:

Өзіндік өндіріс деталдары

Сатылып алынған деталдар

Сатылып алынған жинақтау бірліктері

Өзіндік өндірістің жинақтау бірліктері

Оларды 5.1 суреттегідей түрде біріктіруге болады. Бұл мәліметтерді өңдеу процестерін формалдануды оңайлатады. Мысалы, аталған мысалда бұйымның сатылып алынған элементтеріне тапсырысты безендіру бір рет (екінші ирархия деңгейі үшін) жазылуы мүмкін.


Кәсіпорын бұйымдарының элементтері.




Сатылып алынған

өзіндік өндіріс




Деталдар

Жинақтау бірліктері

жинақтау бірліктері

Деталдар

5.1 сурет. Біріктіру кезінде қорытындылауды пайдалану.


Біріктіру сатысында барлық қарама-қайшылықтарды анықтап, ретке келтіру қажет. Мысалы, семантикалық әртүрлі объектілер немесе байланыстар атауы не түрлі қосымшалардағы бірдей атрибуттарға тұтастықтың келісімге шектеулері . Қарама-қайшылықтарды реттеу сәйкес өзгерістер енгізу мақсатында локалдік көріністерді моделдеу сатысына қайту қажеттілігін туындатады.

Аяқталғанда жобалау нәтижелері ПО концепциялық инфологиялық модель түрінде болады. Локалдік көріністер моделі- бұл сыртқы инфологиялық моделдер.

По талдау сатысында да мынадай міндеттер шешіледі:

1 По мәндерін, мәндер атрибуттары мен олардың арасындағы байланыстарды қанағатандыруы тиіс тәтіптерді анықтау. Осы тәртіптердің бір бөлігі мәліметтер базасы сызбасында жүзеге асады (МБ сызбасындағы тұтастық шектелуін жүзеге асыру мүмкіндіктері жобаны іске асыру үшін таңдалатын МББЖ мәліметтер моделінен анықталады). Қалған тәртіптер бағдарламалық жабдықтау көмегімен іске асады.

2. Жүйе пайдаланушыларының топтарын бөліп алу әрбір топ белгілі бір міндеттеді орындап, жүйеге қажетімдігінің түрлі құқықтарына ие болады.

3. Осы жүйе орындайтын функциялардың (процестердің) сызатқы спецификациясын жасау. Мысалы, сол бибматикалық (кітапханалық) жүйелер үшін бұл кітапты іздеу, кітапты беру қабылдау, қарызгерлер тізімін анықтау және т.б. міндеттер. Операциялық жағдайға қйылатын талаптарды анықтау. Бұл сатыды жұйенің жұмыс істеуі үшін қажет есептеуіш ресурстарға қойылатын талаптардың бағалануы, ЭЕМ-нің типі мен конфигурациясын таңдау, операциялық жүйе типі мен версиясымен таңдау жүргізіледі.

Таңдау мынадай көрсеткіштеріне тәуелді:


  • МБ-дағы мәліметтердің мысалдық көлемі;

  • Мәліметтер көлемі өсуінің динамикасы;

  • Мәліметтерге қойылатын сұраныстар сипаты;

  • Сұраныстар типі бойынша мәліметтерге сұраныстар

  • Сұраныстар типі бойынша жүйе уақытына қойылатын талаптар.

МББЖ мен аспаптық бағдарламалық құралдарды таңдау МББЖ таңдау МБ жобасын жасаудағы маңызды сәттердің бірі болып табылады, ол принциптік түрде МБ жобалаудың бүкіл процесі мен ақпараттық жүйенің іске асуына ықпал етеді.

Осы таңдауды іске асыру кезінде теориялық түрде ондаған факторларға назар аудару қажет. Бірақ практикада жасаушылар тек өзіндік интуицияны және бүгінше ең маңызды мына критерийлерді басшылыққа алады:



  • Аталған МББЖ қолданылатын мәліметтер модельдерінің типі,

  • қарастырушы ПО құрылымына мәліметтер моделінің

  • адекваттылығы

  • МББЖ өнімділігінің сипаттамалары;

  • Ақпараттық жүйелерді ары қарай дамытуға арналған функционалдық мүмкіндіктер қоры;

  • Тұлғаға арналған инструментарийлермен МББЖ жабдықталу дәрежесі;

  • МББЖ мен қосымша бағдарламалық жабдықтау құны. МБ логикалық жобалау.

Логикалық жобалау сатысында инфологиялық ПО моделіне сай келетін логикалық МБ құрылымы жасалады. Осы міндеттің шешілуі таңдалған МББЖ қолдаушы мәліметтер моделіне барынша тәуелді. Осы сатының орындалу нәтижесі болып таңдалған МББЖ мәліметтерін анықтау тілінде құрылған архитектураның концепциялық және сыртқы деңгейлерінің МБ сызбасы табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет