МБАЖЖ жалпы құрылымы
Реляциялық МБ жобалау ерекшеліктері
Реляциялық мәліметтер базасын жобалау басқа мәліметтер модельдерінің МБ жобалаудағыдай тәртіппен жүргенімен, өзіндік ерекшеліктерге ие :
Әрбір қатынас бір ПО мәніне сай келіп, оған 1:1 қатынасымен байланысқан объектінің барлық атрибуттері кіреді.
1: n типіндегі байланыс сыртқы кілт көмегімен іске асады .
Пәндер арасындағы n:m типіндегі байланысты жүзеге асыру үшін байланысқан қатынастардың біріншілік кілттерімен осы байланыстар атрибуттарының (қасиеттерінің) комбинациясын қамтитын қосымша қатынас енгізіледі.
МБ сызбасын жобалау мәліметтер дүблденуін минималдандыру мен оларды өңдеу және жаңалау шараларын оңайлату міндеттерін шешуі тиіс. Бұрыс жобаланған МБ сызбасы кезінде мәліметтерді қамту, жою мен түрлендіру операцияларының орындалу аномациялары туындауы мүмкін. Бұл аномациялар ПО объектілер арасындағы көптеген байланыс типтерін анық көрсету құралдарының болмауы мен және мәліметтердің реляциялық моделі деңгейінде тұтастықтың шектелуін мазмұндау құралдарының жетілмегендігімен себептендіріледі.
Мәліметтер қоры құрылымына әкімшілік жасаудың модельдері, әдістері және программалық құралдары.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for Windows жәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;
Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;
Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems);
Объектілі бағытталған модель – POET( POET Sofyware),Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris, Orion, Postgress,ODB-Jupiter.
Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
мәліметтерді құру және бақылау;
мәліметтерді қорғау және бақылау;
көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен орындалады. Мәліметтердің сөздік/каталогы мәліметтердің құрылымы, мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар жүйелік мәзірден шақыртылады немесе утилиттері арқылы орындалады. Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы мүмкін:
SYSTABLES NAMECREATORCOLCOUNT
Salespeople AGU 4
Customers AGU 3
Orders AGU 5
SYSCOLUMNS NAMETBNAME COLTYPE
Snum Salespeople Integer
Sname Salespeople Char
City Salespeople Char
Manager Salespeople Integer
Cnum Customers Integer
Cname Customers Char
City Customers Char
Onum Orders Char
Amount Orders Real
Date Orders Data
Cnum Orders Integer
Snum Orders Integer
Реляциялық МҚБЖ-ларда мәліметтер сөздігі реляциялық кестелер жинағы түрінде сақталады.
Сөздік/каталог мәліметтердің анықтамаларын мәліметтердің өзінен бөлек түрде қолдауға мүмкіндік береді, сол арқылы мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді қорғау мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында парольдауды, кодтауды (шифрлеу) және мәліметтердің кейіптеулерін құруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді деңгейіндегі тұтастық мен қарама-қайшылықсыздық мәліметтер элементтерінің мәніне шектеулер қоюмен, сондай-ақ мәліметтер қорына өзгерістер енгізу кезінде резервтік көшірмелерді автоматты түрде құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Сілтемелер деңгейіндегі тұтастық сыртқы кілттердің мәндері үшін әрдайым соған сәйкес бастапқы кілттердің мәндері болуы тиіс дегенді білдіреді. Бастапқы кілті бар кестелердегі, осы бастапқы кілтке сілтемелер (сыртқы кілттер) бар кестелердегі жазбаларды өзгерткен кезде немесе жойғанда МҚБЖ сыртқы кілттер мәндеріне «ауада» тұрып қалмас үшін сәйкес өзгертулер жасалуын бақылап отырады. Бұл жағдайда сыртқы кілттердің сәйкес мәндері бар жазбалар жойылады, немесе оларға Null-мәндер не келісім бойынша мәндер беріледі, немесе олар өзгеріссіз қалады. Бұл амалдар CREATE TABLE, DROP TABLE және ALTER TABLE командаларында қарастырылған. Сілтемелер деңгейіндегі мәліметтер тұтастығын сақтау 3.1-суретте көрсетілгендей мәліметтер қорындағы каскадты өзгеріске алып келуі мүмкін.
Бастапқы кілт
|
...
|
Басқа өрістер
|
...
|
|
|
1005
|
|
|
...
|
|
|
Кесте А
Бастапқы кілт
|
Сыртқы кілт
|
...
|
Басқа өрістер
|
...
|
|
|
|
2003
|
1005
|
|
|
...
|
|
|
|
2010
|
1005
|
|
|
...
|
|
|
|
Кесте В
Бастапқы кілт
|
Сыртқы кілт
|
...
|
Басқа өрістер
|
...
|
|
|
|
3004
|
2003
|
|
|
...
|
|
|
|
Кесте С
МҚБЖ-дағы мәліметтерді тұтастығын сақтау үшін транзакциялар қолданылады. Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері мәліметтер қорында сақталады. Құрал-жабдықтың немесе программалық қамтудың жұмысы тоқтаған кезде, сондай-ақ пайдаланушы транзакцияны аяқтаудан бас тартқан кезде транзакция аяқталмаған (үзілген) күйінде қалады. Бұл жағдайда мәліметтермен орындалған амалдардың нәтижелері мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп берулерді құрастыру үшін сұраныстарды сақтаудың мол мүмкіндіктерін ұсынады.
Көптеген МҚБЖ-ларда қосымшаларда жасауға арналған ішіне орнатылған программалау тілдері болады. Бұл қосымшалар exe-файлдар тәрізді мәліметтер қорымен дербес түрде, немесе сол МҚБЖ-ның құрамында жұмыс істеуі мүмкін.
МҚБЖ-ның мәліметтермен жұмыс істеу қызметтері екі тілде қамтамасыз етіледі:
мәліметтерді сипаттау тілі;
мәліметтерді манипуляциялау тілі.
Бұл тілдер көптеген МҚБЖ-ларда екі түрде QBE (Query by Example) үлгісі бойынша сұраныс жасау тілі ретінде және SQL (Structured Query Language) тілі ретінде жүзеге асырылған. QBE және SQL тілдерінің теориялық негізі реляциялық есептеу болып табылады. QBE тілі пайдаланушыларға мәліметтер қорын құру мен манипуляциялау үшін сауалнама формаларын ұсынады, оларды толтыру жұмысты жеңілдетеді.
Тағы да бір айта кететін нәрсе, физикалық деңгейде әр түрлі МҚБЖ-лар мәліметтерді ұсынудың әр түрлі форматтары болады. Әр алуан МҚБЖ-лардың мәліметтері өзара үйлесімділігі үшін арнайы интерфейстер, драйверлер әзірленеді. Мысалы, Microsoft фирмасы ODBC (Open Database Connectivity) драйверін әзірлеп шығарды, ол аса кең тараған МҚБЖ-лар форматтарында мәліметтер қорымен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Көптеген МҚБЖ-лардың басқа форматта ұсынылған мәліметтер қорын оқуға арналған қоса орнатылған интерфейстері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |