Нарық сегменті – алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп күтілетін шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Сегментация – тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын зерттеп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Сегментация әртүрлі болады: географиялық өңір – облыс, аудан, қала көлемі, тығыздық, демографиялық – жас, жыныс, отбасы мөлшері, отбасының өмірлік сүру циклы, айналысатын ісі, кіріс деңгейі, білімі, ұлты, наным-сенімі, тауарға қатысты сегментация – сатып алушылар топтарын олардың білімі, пайдаланушылар ретін- дегі біліктілігі және олардың тауарға реакциялары негізінде топтарға бөлу, тұтыну стиліне қарай сегментация – алға жылжытылатын тауарға деген қажеттілікті өте жақсы болжауға мүмкіндік беретін байланысты тауарларды тұтыну туралы дерек- тер негізінде сатып алушылар топтарын бөлу және/немесе промоакцияларға жау- ап қату, нарықаралық сегментация –географиялық шекаралар шегінен тыс шыға- тын көптеген сипаттамалары бойынша ұқсас тұтынушыларды анықтау.
Сөйтіп географиялық сегментацияны жүргіздік делік. Әзірше бизнесіміз туған ауыл көлемінде дамымақшы. Сегментация мынадай деректер алуға мүмкіндік берді:
әлеуетті өткізу нарығы – өніміңізді сатып ала алатын 2500 үй;
дүкендер мен универсамдар (ауылыңызда бар-жоғы 16 дүкен, олар бұрын- нан 3 наубайханамен және қаладағы бір нан зауытымен бірлесіп жұмыс істеуде);
4 балабақша (олардың бірі жекеменшік), олар да нанды дүкеннен немесе наубайханадан сатып алады, онда шамамен мектепке дейінгі жастағы 800 бала тәрбиеленеді және 50 шақты мекеме қызметкері бар;
4 жалпы білім беретін мектеп, онда шамамен 2 200 оқушы білім алады;
күндізгі стационары бар 1 ауылдық аурухана (шамамен 70 адам);
1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі (2 топта шамамен 20 адам);
«Қазпошта» АҚ 1 бөлімшесі;
2 банк бөлімшесі (Халық Банк және КазкоммерцБанк);
1 мәдениет үйі және іс-шаралар өткізілетін 1 зал (50 адам);
2 әкімдік (ауылдық және аудандық) – 100 адам;
үйлену тойлары мен салтанатты шараларды өткізуге арналған 2 тойхана;
басқа да инфрақұрылым.
Қорытынды: мақсатты аудитория – нан-тоқаш өнімдерін әлеуетті тұтынушы 10 000 адам.
НАРЫҚТАҒЫ ӨЗ ТАУАШАСЫН ТАБУ
Бизнес-сегментациядан кейінгі келесі қадам тауаша (орысша ниша, нарықтағы орны) жасақтау қажет. Тауаша бизнесті бәсекелестерден бөліп алып, осылайша та- быс табуға және жеке мақсатты аудиторияға ие болуға көмектеседі.
Мысалы, сіз әлеуетті бәсекелестерден оқшаулану ретінде 5 позициясы бар өнімді таңдап алдыңыз делік:
Үйде пісірілген нан, бидайдан, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы – 500 гр. (барлығында стандартты 350-400 гр.)
Ұнтақ себілген тоқаш, бидай, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы ша- мамен 70 гр. (барлығында 40 гр.)
Үйде пісірілген бауырсақ, жоғары сұрыпты ұннан, іс-шараларға арнап тәтті етіп жасалған, салмағы шамамен 20-50 гр. (көпшілігінде тапсырысқа ғана бейім- делген, күнделікті тәтті бауырсақтар жоқ)
Торттар мен бәліштер тапсырысқа арналған жоғары сұрыпты ұннан, салмағы 1 кг басталады (басқа наубайханалар мұндай жасамайды)
Өзбек/тәжік жұқпа нандары, жұқа қамырдан пісірілген лаваштар (басқа нау- байханалар мұндай жасамайды).
Осылайша, пайдалы ауданарлық 5 позиция кей тұрғыдан ерекше болып табы- лады және бәсекелестерде жоқ. Бәсекелестерден ерекшелейтін де осы.
Бұл ретте наубайхананың мынадай өлшемдерін негіздейсіз: Қажетті көлемі: 25-60 ш. метр пайдалы аудан.
Оның ішінде:
әзірлеуге арналған үй-жай – жабдықтарды орналастыруға 25-40 ш. метр.
сақтау қоймасы – 15 ш. метр – дайын өнім сөрелерін орналастыру үшін (стел- лаждық, бөлшектенетін вагоншалар)
шұңғылша (раковина) орнатылған дәретхана – 3-5 ш. метр
киім шешетін орын – киініп-шешінуге арналған 3-5 ш. метр орын БАРЛЫҒЫ: ең аз талап етілетін аудан – 50 ш. м.
Жалға алу құны 50 мың теңге және оған коммуналдық қызметтер қосылады (30 мың теңге төңірегінде), 1 Квт/сағат құны – 19,48 теңге, сумен жабдықтау ор- талықтандырылған, кәріз жүйесі – септик (2 шығыршық). Пешпен жылытылады (көмірдің бағасы) – 16 000 тг/т, жеткізу – 5000 тг. Жабдық – электрлі.
Жабдық, сонымен қатар бірегей артықшылығыңыз болып табылады, себебі кли- енттеріңіз үшін көбірек, жиі әрі сапалырақ өнімді өндіруіңізге мүмкіндік береді.
5 бәсекелі ұстанымыңызды (позицияңызды) айқындап алғаннан кейін бәсеке- лестерге қарағанда өнімді 5 есе жылдам пісіруге мүмкіндік беретін технологиялық жабдықтауға назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |