Cash-flowкескіні Cash-flow кескіні (Ақша қаражаты қозғалысының есебі) нақты ақшаның ағынын, яғни қолма-қол ақшаның түсімі (нақты ақшаның құйылуы) мен төлемдерді (нақты ақша шығысы) көрсетеді.
Есеп 3 бөлімнен тұрады:
операциялық қызмет – қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын өзге қызмет;
инвестициялық қызмет – айналымнан тыс активтерді (негізгі құрал-жаб- дықтар, материалдық емес активтер) және басқадай инвестицияларды сатып алу, құру және сатумен байланысты қызметтің түрі;
қаржылық қызмет – компанияның капиталының құрамына және қарыз қара- жатының мөлшерінің өзгеруіне әкелетін қызмет түрі. Әдеттегідей, осындай қызмет операциялық және инвестициялық қызметтерді қаржыландыру үшін қажет несие- лер мен қарыздарды тарту және қайтарумен байланысты.