1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет83/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Шаруа және фермер шаруашылықтары үшін АСР

  • Бұл режим шаруа немесе фермерлік шаруашылықтарды (бұдан әрі – ферма немесе фермер қожалықтары) қолдануға құқылы, сонымен бірге бір мезгіл- де келесі шарттарға сәйкес болғанда: осы АСР қамтитын қызметтің түрлерін ғана жүзеге асырады;

  • ҚҚС төлеуші емес

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жиынтық ауданы ҚР СК 702-бабы 2-тармағында көзделген шектен аспайды.

  • Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі жер учаскесінің бағаланған құны болып табылады. Салық жер учаскелерінің жалпы аумағының негізінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 704-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

Бірыңғай жер салығы






Жер учаскелерінің ауданы (гектар)

Салық мөлшерлемесі

1.

500-ге дейін

0,15%

2.

501-ден 1 000 қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15% + 500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,3%

3.

1 001-ден 1 500 қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,3%
+ 1000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,45%

4.

1 501-ден 3 000 қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,45%
+ 1500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,6%

5.

3 000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,6%
+ 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75%


Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын салық төлеушілер жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен, жер салығынан, көлікке салынатын салықтан, мүлікке са- лынатын салықтан босатылады.

Бірыңғай жер салығы мен жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем төленеді: 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін – осы жылдың 10 қара- шасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін – ке- лесі жылдың 10 сәуіріне дейін есептелген сомалар. Өзге салықтар мен әлеуметтік аударымдар жалпыға белгіленген режимде төленеді (ҚР СК 705-бап 2-тармақ).
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды. Салық төлеушілер «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация» 920.00 нысанында есепті салықтық кезеңнен кейінгі 31 наурыздан кешіктірілмей ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет