Бұл режим шаруа немесе фермерлік шаруашылықтарды (бұдан әрі – ферма немесе фермер қожалықтары) қолдануға құқылы, сонымен бірге бір мезгіл- де келесі шарттарға сәйкес болғанда: осы АСР қамтитын қызметтің түрлерін ғана жүзеге асырады;
ҚҚС төлеуші емес
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жиынтық ауданы ҚР СК 702-бабы 2-тармағында көзделген шектен аспайды.
Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі жер учаскесінің бағаланған құны болып табылады. Салық жер учаскелерінің жалпы аумағының негізінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 704-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
3000 гектардан бағалау құнының 0,6%
+ 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75%
Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын салық төлеушілер жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен, жер салығынан, көлікке салынатын салықтан, мүлікке са- лынатын салықтан босатылады.
Бірыңғай жер салығы мен жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем төленеді: 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін – осы жылдың 10 қара- шасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін – ке- лесі жылдың 10 сәуіріне дейін есептелген сомалар. Өзге салықтар мен әлеуметтік аударымдар жалпыға белгіленген режимде төленеді (ҚР СК 705-бап 2-тармақ).
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды. Салық төлеушілер «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация» 920.00 нысанында есепті салықтық кезеңнен кейінгі 31 наурыздан кешіктірілмей ұсынады.