1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


тақырып. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы



бет89/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

15 тақырып. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы.

15.1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.


15.2. Іскерлік қатынастар және оның мәні.
15.3. Кәсіпкерлік этикасы және іскерлік этикет.


15.1. Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.
Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланысты.
Мәдениет – адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы.
Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.
Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі. Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.
Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады.
- кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;
- кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.
Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады:
- өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
- қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
- қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;
- кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
- кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.
15.2. Іскерлік қарым-қатынас адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналады, яғни басқа адамдармен қатынастың маңызды түрі. Мұндай қатынастарды жалғыз және мәнгі реттеушісі этикалық нормалар болып табылады. Ол этикалық нормаларда адамдардың жақсылықтары мен жамандықтары, әділдік пен әділетсіздігі, дұрысы мен бұрысы жайлы көзқарас қалыптасқан. Және кез-келген адам өз басшысымен немесе әріптесімен іскерлік қатынас орнатқанда ерікті түрде не табиғи жолмен осы этикалық нормаларға жүгінеді. Бірақ болашақ қатынастың нәтижесі адамдардың осы моральдық нормаларды түсінуіне, оларды қатынас барысында қолдануына тікелей байланысты. Яғни іскерлік қатынастар осы нормаларды дұрыс түсіну мен қолданудың арқасында көздеген мақсаттарға жету жолын тиімді етеді және керісінше қатынасты ауырлатуы немесе мүлдем мүмкін етпеуі мүмкін.
Г.П.Мицинг алуан түрлі жағдайда іскерлік әңгімені өткізудің негізгі 4 принципін ажыратқан:
1. Әңгімелесушінің көңілін аудару;
2. Әңгімелесушіні сөзге тарту;
3. Мұқият негіздеу (дәлелдеу);
4. Әңгімелесушінің күдігін сейілту.
Осы принциптерді негізге ала отырып, әңгіме өткізуде мына нұсқауларды есте сақтаған жөн: әңгімелесушінің сөзін мұқият соңына дейін тыңдау, мұқият тыңдалмағандықтан әңгіме нәтижесіз болады; әңгімелесушінің шынайы айтқан сөзін теріске шығармау, фактілерді таразылап алып, пікір айту керек; мүмкіндігінше ашық жарқын, кішіпейіл, сыпайы, өнегелі болу, бірақ сыпайылықтың да шегі болуы керек; қажетті жерінде жігерлі болып,қызу айтысқа айналдырмай салқын қандылық көрсету, әңгімелесуші ашуға ерік берсе, шиеленіске бармау; әңгімелесушінің шешім қабылдауын асықтармау, бірлесіп шешім жасау; кездесуге нақты уақыт белгілеу, 10 минут кешіксеңіз кешірім сұраңыз, 30 минут кешіксеңіз басқа уақыт белгілеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет