1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет92/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Іскерлік этикет – іскерлік қарым-қатынастардың табыстылығына апаратын мақсатты іс-қимыл ережелерін ұзақ сараптау нәтижесінде тура ескеруді қамтиды. Ол ең алдымен адамдық тұлғаның терең сыйлауды қарастырады. Бұл шыңайы сыйластық басшының, бизнесменнің жалпы тұлғасының құрамды бөлігі болуы қажет. Оған басқа адамдардың адамгершілігіне сеніп үйрену қажет. Алғашқы кездесуден ақ ол сізді алдап кететіндігі жайлы бір белгіні іздеуге болмайды. Іс-әрекет негізінде рухани баға – іскер әріптес – жақсы адам деген болу қажет.
Іскерлік қарым-қатынас мәдениетін сақтау вербальді этикет ережелерін сақтаусыз іске аспайды. Вербальді этикет сөйлеу мәнерімен сөздік тіл байлықпен байланысты. Сөйлесу қатынасының тарихи өңделген стереотиптері бар. Оларды ертеде орыс купецтері, кәсіпкерлер қолданса, ал қазір оларды ресей және шетелдік іскерлік адамдар қолданады. Бұл сөздер: «ханымдар мен мырзалар», «құрметті әріптестер».
Іскерлік қатынаста кез-келген сұраққа жауап беруді білу қажет. Мысалы, «жағдайыңыз қалай?» деген күнделікті қойылатын сұраққа да сыпайы әрі дұрыс жауап қайтара білу қажет. Мұндай сұраққа жауап бермеу ыңғайсыз, «қалыпты» деп өте шығу қатты, өз істеріңіз туралы ұзақ айтып тұру мәнсіз. Сондықтан да осындай жағдайда іскерлік этикет ережелері бойынша келесідей жауап беру қажет: «рахмет, жақсы» және өз кезегінде оның қал жағдайын білу этикет нормаларына жатады. Мұндай жауаптар нейтралды, олар барлығын жайға келтіреді.
Іскер адамның этикеті кез-келген уақытта байқалады. Мысалы,тіпті жай әріптеспен сөйлесу барысында өкінішке орай кейбір басшылар өздерінің қызметтік статусын мөлшерден тыс қолданады. Мысалы, өзінің жұмыскеріне өзінен біршама үлкен адамға «сен» деп сөйлейді, бірақ өз кезегінде жұмыскер оған өзінен қаншама кіші болса да «сіз» дейді. «Сіз» деген формада жұмыскермен қатынасу этикет нормаларына жатпайды.
Іскерлік, қызметтік қатынастардың этикеті тұлғалар арасында, сонымен қатар іскерлік сөйлесулерде, жиналыстарда сөйлеу нормаларын сақтауды талап етеді. Сіз адамдармен сөйлескенде (тіпті бір адаммен сөйлескенде) сөйлесуді сізге ешкім кедергі етпейтіндей етіп жүргізіңіз. Барлық кенеттен туындаған күтпейтін істерден басқа істер күте тұрады.
Іскер адамның сөйлеу этикетінде мақтау сөздер айту маңызды орын алады. Яғни осы мақтау сөздер арқылы әріптестің маңыздылығын анықтайды оның іскерлік шеберлігін көрсетеді.
Сонымен қатар сыртқы келбеті мен киім киу қалпы да маңызды болып саналады. Дәл модаға сай киіну басты талап емес. Киім дұрыс жағдай да болуы тиіс, яғни үлкен болмауы, таза болуы. Костюм әрдайым орынды және өз уақытылы болуы тиіс. Егер іскерлік жиналыс түскі кезге келісілсе, ақшыл түсті костюмдер киюге болады. Шалбар және пиджак әртүрлі түсті болу мүмкін. Бірақ егер келіссөз кешке жүретін болса, костюм қара, қоңыр түсті болуы тиіс, ал көйлек міндетті түрде таза, үтіктелген, галстук көзге түспейтін түсті, бәтенке тазартылған болуы қажет. Іскер адамның элеганттылығы костюм санына байланысты емес, көйлек, галстук және бәтенкеге қарап анықталады.
Шет елге іс сапарға шыққанда 3 комплект киім алу жеткілікті: қара және ақшыл түсті костюм, куртка және күртеше. Егер сіздің іс сапарыңыздың бағыты Шығыс елдері арқылы жүретін болса, онда есте сақтаңыз, әйелдерге шалбармен көшеге, қоғамдық жерлерге шығуға болмайды, олар шөлкемен және колготкимен шығуы керек, ал еркектер көзге түсетін ашық түсті галстукта шығуға рұқсат етілмейді.
Есте сақтау қажет іскерлік қатынаста кішкене мәселелер болмайды. Іскер адамның киімі, жүріс-тұрысы оның басқалардан басты артықшылығы. Сол арқылы қоршаған адамдар сіз туралы алғашқы ойлар қалыптастырады. Қонақ туралы алғашқы ойлар алдын ала ақпарат жинау арқылы басталады. Ақпарат көздері - бизнесменнің іскерлік кездесу бағытындағы іс-әрекеттері болады. Есте сақтаңыз, сізді барлық жақтан сынап отыратын адамдар қоршаған.
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау іскер адамның респектабельділігінің, тәрбиелігінің, өз-өзіне сенімділігілігіңіздің белгісі болып табылады. Әртүрлі көлік құралдары – ұшақ, поезд, автокөлікте өзін-өзі ұстау ережелерінің біршама жиынтығы бар. Ұзақ саяхат асығыссыз сөйлесуге мүмкіндік береді. Оны жүргізе білу қажет. Ең бастысы шамадан артық мылжын болмау қажет және тіпті үн қатпауда дұрыс емес. Сөйлеу процесі бірқалыпты сатылы болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет