1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі



бет8/10
Дата27.11.2023
өлшемі474,21 Kb.
#129823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1256882.pptx

5. Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі


Бұл әдіс ғылыми-зерттеу объектісі болып отырған құбылыстар жайлы жазбаша құжаттардың мазмұнын талдау үшін қолданылады. Қазіргі заманғы адамзат қоғамында әлеуметтік құбылыстар жайлы жазбаша мәліметтердің көлемі барған сайын артып келе жатқанын еске алсақ, қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қажетті мәліметтер жинаудың әдісі ретінде құжаттар мазмұнын талдауды қолданудын қаншалықты маңызды екендігі өзінен-өзі түсінікті болар.

Құжаттар мазмұнын талдау
Сапалық талдау
қоғамдық құбылыстар жайлы ой-пікірлердің мазмұнына қатысты
Cандық талдау
ой-пікірлердің қаншалықты және қалай кең тарағанын көрсетеді
Зерттелуші құбылыстар жайлы мәліметтер жиналып болаған соң оларды ғылыми жағынан классификациялауға /жүйеге келтіруге/ кіріседі. Классификацияның негізі ретінде құбылыстардың зерттелу мақсаты үшін айырықша мәнді белгілері алынады, өйткені сондай белгілер құбылыстарды мүмкіндігінше терең танып білуге негіз бола алады.
Зерттелуші құбылыстарды жүйелі түрде тәртіпке келтіріп, олардың заңдылығын білдіретін ішкі байлыныстарын ашып көрсету үшін, классификация белгілі бір логикалық ережелер мен теориялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Олар мыналар:
1) классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс;
2) классификация жүйелі болуы қажет, яғни ол бірден бірнеше белгісі бойынша жасалмай, бір ғана белгі бойынша жасалуы тиіс;
3) классификация толық болуы тиіс, яғни белгі бойынша сол құбылысқа қатысты жағдайдың бәрін қамтуы тиіс;
4) құбылыстардың әр тобының арасындағы айырмашылықтар елеулі болуы керек.Зерттелуші құбылыстарды бұлайша классификациялауға кіріспес бұрын жиналған мәліметтерді мұқият ретке келтіріп, мәнді белгілерін анықтап алу керек.
Анкета тарату арқылы жиналған бірнеше жүздеген жауаптарды ретке келтіру, мәселен, былай жүргізіледі: жиналған жауаптарды алдымен барлық категорияларға /топтарға/ классификациялаудың жоспары жасалады. Содан кейін кодпен жазылатын мәліметтер цифрлық символдарға, яғни жауаптардың әрбір категориясына есептеу кезінде пайдалануға болатын сандық белгілер беріледі.
Мәліметтерді ретке келтірудің ендігі кезеңі – белгілі бір сандармен белгіленген жауаптарды перфорациялау /тесу/ жолымен тиісті карточкаларға көшіріп, карточкаларды машинкаға салады, ал машина тиісті сұрақтарға қатысты жауаптарды іріктеп алып, карточкаларды жауаптар категориясына бөледі. Алайда жауаптарды есептеп, классификациялауда машинасыз, қолмен жүргізуге де болады.
Бұдан кейін жиналып, классификацияланған жауаптар статистикалық тәртіпке келтіріліп, түрліше кестелер түрінде көрсетіледі. Кестелер әрбір қойылған сұраққа пайыздык шама түрінде жинақталып берілген жауаптар болып табылады.
Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады, өйткені бұған дейінгі мәліметтер жинау істің түпкі мақсаты – зерттелуші құбылыстардың түсіндірмесін жасау. Ғылыми түсіндірменің мәні зерттелуші құбылыстардың мазмұнын, құрылысы мен атқарар қызметін, сондай-ақ туу, даму және жойылу себептері мен жолдарын танып білуде. Түсіндіру дегеніміз құбылыстарды диалектикалық тұрғыдан жан-жақты танып білу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет