1.Социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциология түріндегі жалпы теориялық әлеуметтану;
2.Арнайы әлеуметтік теориялар мен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтардың, қала, ауыл, білім, саясат, мәдениет социологиясы, насихат, еңбек, пікірталас социологиялары т.б.) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттейтін орта деңгейдегі әлеуметтану;
3.Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттейтін микросоциология.
теориялық әлеуметтану орта деңгейдегі әлеуметтану Микро- социология Әлеуметтану ғылым ретінде теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің өзара әсеріне негізделеді. Теория – ол практикалық тәжірибелерді талдап-қорыту мен қоғам және ой ойлау табиғаты заңдылықтарын көрсетуші ілім. Эмпирия – адамның тәжірибесі, сезім органдары арқылы қабылдау. Социология тарихында ХХ-ы ғасырдың басына дейін эмпирикалық және теориялық зерттеулер дербес түрде қатар жүріп келді. Әлеуметтік өмірді эмпирикалық зерттеулер, әсіресе өмір сүру жағдайлары, қалалардағы еңбек ету жағдайлары т.б. тек 17-18 ғасырларда дами бастады. Тек ХХ-ы ғасырдың басында көрнекті француз социологі Э.Дюркгеймнің еңбегінің арқасында дамыған форма ретінде осы екі бағыт бірікті.
Материализм - материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой- материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.
Позитивизм— нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
Неопозитивизм – XX ғасыр позитивизмінің субъективті-идеалистік жаңа ағымы. Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды.
Антипозитивизм- бұл әлеуметтік ғылымдағы әлеуметтік сала табиғат әлемі сияқты зерттеу әдістеріне ұшырамауы мүмкін; ғалымдар әлеуметтік зерттеулер жүргізуде эмпиризм мен ғылыми әдістерден бас тартуы тиіс деген көзқарас.