1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет3/9
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#134082
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
982675.pptx

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады. «Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді. «Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.


ӘЛЕУМЕТТАНУ
ПӘНІ
(тұрғыдан)
ПОЗИТИВИСТІК:
қоғамдық даму
заңдары
СУБЪЕКТИВТІ:
Әлеуметтік
әрекет
ЖАЛПЫЛАУШЫ:
әлеуметтік
байланыстар
ОБЪЕКТИВТІ:
Әлеуметтік
фактілер
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтанудың өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет