1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет6/9
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#134082
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Психологиялық әлеуметтанудың басты назары қоғамдық (топтық, ұжымдық) сананың, оның табиғатының, құрылымы мен қызметінің мәселелері болды.
Психологиялық эволюционизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы Социологиялық ойдың ағымы болып табылады, оның өкілдері қоғамның даму процесін бағытталған сипатқа ие ғарыштық эволюцияның бір бөлігі ретінде қарастырды.
Инстинктивизм - адамның биологиялық табиғатына қарау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түсіндіруге ұмтылған бағыт.
Бихевиоризм - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
Көпшіліктік психологиясы - шағын топтарда психикалық процестердің жиынтығын зерттейтін әлеуметтік психология саласы: ұйымшылдық, көшбасшыларды ұсыну, топтық шешімдер қабылдау
Әлеуметтанудың құрылымы:
1) Мазмұндық:
- Эмпирикалық деңгей. Арнайы әдістерді пайдалана отырып, әлеуметтік өмірдегі шынайы фактілерді жинау мен талдауға арналған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы
- Теориялық деңгей. Тұтас әлеуметтік жүйе мен оның элементтерінің даму үрдісін түсіндіруші көзқарастар, пікірлер, гипотезалар, пайымдаулар жиынтығы
  • Методологиялық деңгей. Әлеуметтік білімнің қалыптасуы, жинақталуы мен қолданылуы негізіндегі қағидалар жүйесі

  • 2) Мақсаттық:
    - Іргелі әлеуметтану. Әлеуметтік шынайылықтың қалыптасуы жөніндегі білімнің, әлеуметтік даму үрдісін түсіну, сипаттау, түсіндіруге қатысты ғылыми мәселелерді шешеді.
  • Қолданбалы әлеуметтану. Шынайы тиімді әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған теориялық модельдер, әдістер, зерттеу тәсілдері, әлеуметтік технологиялар, бағдарламалар мен ұсыныстар жиынтығы.

  • 3) Масштабтық:
  • Макроәлеуметтану (этностар, мемлекеттер, әлеуметтік институттар, топтар)
  • Микроәлеуметтану (тұлғааралық қатынастар, топтардағы байланыстар үрдісі, күнделікті шынайылық саласы)

Социологияның міндеттері – әлеуметтік жүйелерді типологизациялау, әр-бір әлеуметтік объектінің байланыстары мен қанастарын заңдылық деңгейінде зерттеу, түрлі әлеуметтік жүйелерді дұрыс басқару мақсатында заңдылықтардың әсер ету механизімі мен көріну формалары туралы нақтылы ғылыми білім алу. Әлеуметтанудың қоғам өміріндегі сан қырлы байланыстары, оның қоғамдық белгіленген мәртебесі ең алдымен оның атқарған міндеттері арқылы анықталады. Сондықтан социологияның міндеті – әлеуметтік болмысты және оны қайта құруды түсіндіретін екі қызметімен сипатталады. Әлеуметтік теорияларды шартты түрде басым бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөледі. Іргелі бағыттағы теориялар социологияның тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыруға, зерттеу әдістерін айқындауға және ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған. Қолданбалы теориялар қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.

  • Социологияның міндеттері – әлеуметтік жүйелерді типологизациялау, әр-бір әлеуметтік объектінің байланыстары мен қанастарын заңдылық деңгейінде зерттеу, түрлі әлеуметтік жүйелерді дұрыс басқару мақсатында заңдылықтардың әсер ету механизімі мен көріну формалары туралы нақтылы ғылыми білім алу. Әлеуметтанудың қоғам өміріндегі сан қырлы байланыстары, оның қоғамдық белгіленген мәртебесі ең алдымен оның атқарған міндеттері арқылы анықталады. Сондықтан социологияның міндеті – әлеуметтік болмысты және оны қайта құруды түсіндіретін екі қызметімен сипатталады. Әлеуметтік теорияларды шартты түрде басым бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөледі. Іргелі бағыттағы теориялар социологияның тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыруға, зерттеу әдістерін айқындауға және ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған. Қолданбалы теориялар қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.
  • Сондықтан қолданбалы әлеуметтану «әлеуметтік инженерлік», «әлеуметтік технология», «әлеуметтік гигиена», «әлеуметтік терапия» сияқты ғылым салаларымен ұштасып отырады. Қолданбалы социология ұғымының енгізілуіне байланысты социологияның пәні де кеңейеді.
  • Сонымен, әлеуметтанымдық білімнің мәні мен бағдары бойынша іргелі және қолданбалы болып бөлінуі жеткілікті шартты ұғымдар. Олардың кез-келгені тікелей немесе жанама болсада ғылыми және практикалық міндеттердің шешілуіне белгілі үлес қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет