1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет1/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62807
  1   2   3   4   5

Тақырып: Мәдениет морфологиясыМәдениет морфологиясы Пән: Мәдениеттану Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған


Ақтөбе
Жоспары:
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы.

Глоссарий

  • Глоссарий
  • политеизм- Политеизм — көп құдайға табынушылық. Политеизм сенімі бойынша “Құдайлардың” өзіндік иерархиясымен ерекшеленетін әлемі бар. Политеизм деген жалпы атауға ие бұл сенімдер бойынша антроморфтық сипатқа ие “Құдайларының” өзіне тән құдірет аясы, аты, табиғат пен қоғамдағы билігі бар.

    монотеизм- Монотеизм (грекше: μονος — бір, θεος — Құдай) - тек бір ғана Құдай - Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір.

    натурализм- Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт. Материалистік философияда табиғаттан жоғары тұрған ештеңе жоқ деп саналатындықтан.

    гедонизм- Гедонизм - Кирен философиялық мектебі (б.з.д. IV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341 - 270) дамытқан этикалық ілімі. Геодонизм эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды.


Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылықтар жүйесі,адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.Ол өзара қарым-қатынас негізінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Бұл қарым-қатынастың мәні адам бұрынан жасап келе жатқан мәлениетті бойына сіңіреді,қабылдайды өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады.
«Мәдениет дегеніміз не?»- деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына,яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуымыз керек. Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият»-қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық)деп атауға болады. Бұл жерде ең алдымен көзге түсетіні-мәдениет пен табиғатты «культура» мен « натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек Цицерон еңбектерінде (б.з.д. 45ж) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар:
а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.);
б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет).
Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқан философтар болды. Өкінішке орай, ХVІІІғ., яғни ағартушылық кезеңіне дейін басты құндылық – «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі термин ретінде қолданылмады, жаңа ұғымның синонимі ретінде пайдаланылды. «Мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, егіншілік пен ауылшаруашылығы тығыз байланысты. Оған қоса «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры көне заманда жатыр. Білімсіз, тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, білім мен тәрбие барлық халықтардың қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, табынушылық» деген мағынаға ие. Осылардың ең бастысы – діни табынушылық. Көне замандағы адамдар құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет