1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет4/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62807
1   2   3   4   5

Материалдық мәдениет дегеніміз - тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады.

Рухани мәдение саласына: дін, мораль;саясат, құқық;ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина;әдебиет, өнер; бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.

Материалдық мәдениет саласына: ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.

3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.

3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.

Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.

Құндылықты – бұл адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі, ал құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға жағымды мағыналары. Құндылықтың өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» және «құн» - бірегей түсініктер емес. «Құндылық» - ол философиялық және мәдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық түсінік.

Мәдениеттің құндылық концепциясы ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен мәдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мәдениеттану концепциясының маңызды бөлігі болып табылады.

Социологиялық концепциясы – мәдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.

Мәдениеттің технологиялық анықтамасы - мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің, нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет