1 Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет13/50
Дата19.04.2022
өлшемі185,27 Kb.
#31419
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Әлеуметтану лекциялар

Нуклеарлық отбасы – ата-аналары мен олардың балалары өзара қарым-қатынастың өзегін құрайды, ал қандық туыстық байланыстар екінші орынға шегеріледі. Көлемді және үш ұрпақтың отбасы – балалар, әке-шешелер, олардың ата-аналары, яғни қандық туыстардың бірнеше ұрпақтары болып табылады.

Патриархалдық отбасы тікелей туыстардың ғана емес, сонымен бірге жанама туыстардың да болуы. Қазіргі заманғы индустриальдық қоғамдарда аса кең түрде тарағаны – нуклеарлық отбасы болып табылады. Адам бүкіл өмірі бойында екі нуклеарлық отбасының мүшесі болады: ол оның әкесінен, шешесінен, аға-інілерінен немесе әпке-қарындастарынан тұратын нуклеарлық отбасыға жатады (мұндай отбасы бағыттанушылық отбасы деп аталады). Ал некеге тұра отырып, ол жеке адамның өзінен, оның зайыбының балаларынан тұратын нуклеарлық отбасының мүшесі болып табылады (қайта жаңғыртылатын отбасы).

Қоғам өзінің мүшелерінің шығу тегіне көңіл бөліп отырады және үш тәсілдің бірі ретінде жеке мүлікті бір ұрпақтан екіншісіне беріп отырады. Мұрагерлік бойынша отбасылар патрисызықтық, матрисызықтық жән бисызықтық болады. Патрисызықтық тәсіл – бұл шежіре және мұра әкелік сызық бойынша жүргізілген кезде орын алады. Матрисызықтық тәсіл – бұл шежіре, тегі мен мұрагерлік шешелік сызық бойынша іске асырылып жүргізілуі. Бисызықтық тәсіл – шежірелік тек пен мұрагерлік әке сызығымен де, шешелік сызықпен де жүргізілетін жағдай.

Отбасылар үйленгеннен кейін жас жұбайлардың тұратын орны бойынша үш түрде ерекшеленеді: патрилокальдық, матрилокальдық және неолокальдық. Патрилокальдық түрі – бұл жас жұбайлар ерінің отбасында тұратын кезде болады. Матрилокальдық түрі – бұл жас жұбайлар әйелінің отбасында тұратын кезде орын алады. Неолокальдық түрі – бұл жас жұбайлардың бөлек шығуы мен өздерінің ата-аналарынан тәуелсіз түрде өмір сүруі кезінде болады.

Дегенмен де отбасылық өмірде ер немесе әйел қолданатын билікке олардың жеке сапалары айтарлықтай ықпал етеді, сондықтанда қоғамдық өмір салты нақтылы басымдықтағы үлгіні, ұйғарып тағайындайды. Патриархальдық үлгіде – отбасы басшысы рөлін әкесі орындайды, ал егер ол болмаған кезде – отбасындағы жасы үлкені орындайды. Матриархальдық үлгіде – отбасы басшысы рөлін өте сирек түрде кездеседі, тек қана – ердің қайтыс болуы немесе оның отбасыдан кетуі нәтижесіндегі сияқты нақтылы жағдайларда ғана орын алды. Эголитарлық үлгіде – билік пен бедел ерімен әйелі арасында теңдей бөлінуімен болады. Барлық қоғамдар мүгедектерге өздеріне келетін мүмкін ортаны шектейді. Ата-аналар балалары егер осындай неке туған-туысқандар тобы үшін маңызды салдарын туындататындай өздеріне лайық келетін жұбайын неке зайыбын» таңдағанын қалайды. Отбасылық серіктесін таңдау тәсілдеріне байланысты болатын отбасы түрлері: эндогамдық, экзогамдық. Эндогамдық түрлері бір топтың (әлеуметтің, тайпаны және т.б.) өкілдерінің арасындағы некенің бекітілуін ұйғарады. Экзогамдық түрі – бұл адамдардың тар тобының ішіндегі неке (мысалыға, жақын туыстардың, бір тайпа мүшелерінің және с.с. арасындағы).

Ері мен әйел арасындағы өзара байланыс әр түрлі қағидалар бойынша құрылуы мүмкін. Моногамия - бұл бір некелік. Полигамия – бір ер және екі немесе одан да көп әйелі болуыы. Полигамия – көп некелілік, мұнда екі немесе одан да көп ері және екі және одан да көп әйелі болады.

Жиендік неке – бұл немере ағасы мен қарындасы арасындағы неке. Левират – жесірлердің өз күйеуінің бауырына күйеуге шығуға деген құқығы немесе міндеті.



Сорорат – әйелі қайтыс болған ердің оның сіңілісіне үйлену құқығы.

Бүгіндері моногамия некенің абыройлы және мінсіз типі деп саналады.

Осындай көрініспен, неке – бұл ер мен әйелдің бір-біріне, өз балалары мен ата-аналарына деген қатынасы бойынша болатын құқықтары мен міндеттері орнықтырылатын одағы.

Туыстық – ортақ жақсы ата-бабаларының болуымен жасалатын, адамдар арасындағы қарым-қатынас [1, 306 б.].

Некеге тұрған адамдар бір-біріне туыстар болып саналады, бірақ олардың некелік мәдениеттері адамдардың одан да аса көлемді ортасын туыстық желімен байланыстырады. Некенің бекітілуі кезінде ата-аналар, ағайын-бауырлар, апалы-сіңілілер мен басқа да қандас туыстар өз тарапынан келесі жақтың туыстары болып қалады.

Көптеген елдерде (ең алдымен, батыстық) туыстық байланыстар жақын туыстардың аздаған санының болуымен қолдау табады. Ең алдымен алыс туыстармен қарым-қатынас жасайды. Олар алыс туысқандарға немерелік, шөберелік ағайын-туыстарды жатқызады. Бірақ та басқа мәдениеттерде (мысалы, азиаттық) туыстық байланыстар барлық алыс туыстармен де жалғасып отырады. Туыстық қарым-қатынастарды сипаттауға арналған батыстық терминдер басқа мәдениеттердегі туыстық байланыстарын білдіретін сөздермен сәйкестілікте жеңіл түрде қойылмауы да мүмкін. Мәселен, орыстар «немере аға» терминін ана жағынан да, әке жағынан да туыс болып келетіндер үшін қолданады. ал қазақ мәдениетінде ана мен әке туыстарын белгілеу үшін туыстықтың айтарлықтай алуан түрлеріне сәйкес келетін арнайы терминдер бар.

Отбасының негізгі бағыты – қоғамдық, топтық және дербес қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамның ұясы бола отырып, оның бірқатар маңызды қажеттіліктерін, соның ішінде халықты қайтадан жаңғырту қажеттілігін де қанағаттандырады. Әлеуметтік отбасының негізгі функциялары: қайта жаңғыртушылық, экономикалық, тәрбиелік, коммуникативтік, бос уақыт пен еңбекті ұйымдастыру. Отбасының қайта жаңғырту функциясы өмірді қайта жаңғыртудан тұрады, яғни балалардың туылуы, адамзат тегінің жалғасушылығы.

Отбасының экономикалық функциясы отбасының қоғамдық өндіріске қатысуынан, өз шаруашылығын жүргізуден, тұтынушылық қызметтерді ұйымдастырудан тұрады. Бүгіндері еріне өлшеусіз билік тиесілі болатын отбасы өте сирек, есесіне отбасы басшысы – әйел болып, өз қолына отбасылық бюджет шоғырланатын және оның өзі балалардың негізгі тәрбиешісі және олардың бос уақытын ұйымдастырушы ретіндегі отбасылар да пайда болды.

Отбасының тәрбиелік функциясының үш аспектісі бар. Біріншісі – баланың жекелігінің қалыптасуы, оның қабілеттіліктері мен қызығушылықтарының дамуы олардың интеллектісінің, эстетикалық дамуының, денсаулығын нығайтуының толығуы. Екінші аспект – отбасылық ұжымның әрбір мүшесінің бүкіл өмірінің өн бойындағы жүйелі түрдегі тәрбиелік ықпалы. Үшінші аспект – балалардың оларды өзіндік тәрбиемен айналысуға жігерлендіретін ата-аналарына деген тұрақты ықпалы.

Осы функцияның орындалуы табысы отбасының тәрбиелік әлеуетіне байланысты. Оның өзі отбасының педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын шарттар мен құралдардың жиынтығын білдіреді. Бұл жиынтық материалдық және тұрмыстық жағдайларды, отбасының саны және құрылымын, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастардың сипатын біріктіреді. Әке мен ананың, отбасы дәстүрлерінің жекелей мысалы үлкен маңызға ие.

Отбасы ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлердің тасымалдаушысы болып табылуы тарихи түрде қалыптасты. Қазіргі отбасылардың басым көпшілігінде өскелең ұрпақтың тәрбиелену мәселелері мен оның мәдени жоспардағы заманауи үрдістерінен дәстүрлі түсініктердің шиеленісуі байқалады. Бұл қажеттілік болып табылады, өйткені әрбір жеке отбасы қоғамның дамуына ілесе алуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылдары бірқатар елдерде отбасының функциялары туралы дәстүрлі көріністер жоққа шығарылатын отбасылардың саны өсе түсуде. Бұдан басқа, жеке тұлғаның ересектенуі мен қалыптасуының созылыңқы үдерісі заңдастырылған қарым-қатынастарды, балалардың туылуын және материалдық құндылықтардың жинақталуын құрудың пайдасыз екендігіне сенімді болатын адамдардың бүтін бір қауымдастығының пайда болуына алып келеді [4, 54-55 бб.].

Отбасының өмірлік айналымының зерттелуі көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударды. Өмірлік айналым түсінігін алғаш қолданғандардың бірі – американдық демограф – П.Глик болды. Қазіргі кезеңде өмірлік айналымның бөлшектенуінің әралуан нұсқалары бар. Мәселен, ресейлік демографтар – А.И. Антонов пен В.М. Медков өмірлік айналымның төрт негізгі деңгейлерін қарастырады: 1) алдын ала ата-ана болу деңгейі – некені бекітуден бірінші баланың туылуына дейін; 2) қайта жаңғыртушылық ата-ана деңгейі – бірінші және соңғы баланың туылуы арасындағы кезең; 3) әлеуметтенген ата-ана деңгейі (тәрбиелік деңгейі) – бірінші баланың туылуынан отбасынан соңғы баланың бөлініп шығуына дейін; 4) ата-бабалық деңгей – бірінші немеренің туылуынан ата-бабасының берілуінің қайтыс болуына дейінгі кезең (ата-бабалар әже және ата болады) [5].

Зерттеуші Г.Навайтис жұбайлық қарым-қатынастың деңгейлері негізінде бөлініп шығатын, отбасының дамуының алты кезеңін бөліп көрсетеді: некеге дейінгі қоғам; неке; бал айы кезеңі; жас отбасы кезеңі; жетілген отбасы; егде жастағы адамдар отбасысы [6].

Жыныс – бұл хромосомдық, анатомиялық, қайта жаңғыртушылық және гериональдық деңгейлердегі ерлер мен әйелдердің ерекшелік белгілерін өзіне қосатын, адамның биологиялық сипаттамасы екендігі жалпылама түрде мойындалған. Гендер – бұл жыныстың әлеуметтік өлшемі, яғни қайсыбір қоғамда болсын ер немесе әйел болудың не екенін білдіретін әлеуметтік-мәдени құбылыс. мәселен, ер кісі осы қоғамда дәстүрлі түрде ерге лайық емес деп саналатын (үйде балалармен отыру және жұмыс істемеу) әлеуметтік рөлді орындай алады, бірақ мұндай мінез-құлық он жеке адамдық аспектіде "аса еркектік» ете алмайды. Ерлердің және әйелдерден өздері үшін лайықты және лайықты емес әлеуметтік рөлдерді қоғамның өзі оның мәдениеті мен құндылықтарымен беріледі [7].

Бүгіндегі гендерлік проблемалар – бұл әлеуметтанушылардың, психологтардың, антропологтардың, тарихшылардың назарын аударатын пәнаралық зерттеулердің саласы.

Қазіргі заманғы қоғамда отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тасымалдануының, отбасылық рөлдерді қайта бөлісушілік үдерістері байқалуда. Қоғамда некенің баламалық формасы пайда болуда. Қоғамдағы олардың санына мынадай түрлер жатады. Годвин-неке («визиттік неке», «қонақжайлылық неке») – бұл жұбайлардың бөлек тұруы, ортақ шаруашылық пен тұрмыс-жайдың болмауы. Моногамдық некенің осы формасын алғаш рет XVIII ғасырда У.Годвин сипаттады. Конкубинат – үйленген еркектің және формальді түрде тұрмыста емес әйел-конкубинаның ерінен мойындаған балалары бар және материалдық қалауы бар тұрғыдағы тұрақты байланысы. Ашық неке – жұбайлардың некеден тыс қарым-қатынасты қоса алғандағы тәуелсіз өмір салтына деген құқығының мойындалуы.

Сынамалы неке – серіктестердің уақытша бірге тұруы. Маргарет Мидтің анықтамасы бойынша – бұл «екі қадамдық неке», өйткені олар бала болуды шешкен кезде, онда заңды неке рәсімделеді.

Әлеуметтанушылар отбасы және отбасылық қарым-қатынастың дамуынан әр түрлі мәселелері бойынша болатын зерттеулерді белсенді түрде жүргізеді. бұл зерттеулер бір және бірнеше елдерде жүргізіледі және еларалық зерттеуде болуы мүмкін. Осы зерттеулерде қолданылатын әдістер де әр алуан – сапалы, сандық және араласқан түрдегі әдістер.

Отбасы және отбасылық қатынастарды зерттеу тақырыбы әр алуан және нақтылы қоғам үшін олардың өзектілігімен байланысқан. Мәселен, Еуропа мен АҚШ-та ХХ ғасырдың 60 жылдарының өзінде-ақ балалардың дамуына аналар жұмысының ықпалы туралы зерттеулер пайда бола бастады.

2005 жылдан бастап Еуропалық әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіліп келеді, онда отбасындағы басшылық туралы мәселе бойынша болатын қоғамдық пікір зерттелінеді. Бұл зерттеулер соңғы жылдарда жұбайлардың маңызды мәселелерді бірігіп шешуі тиіс деп санайтындар басым болуын отырғанын көрсетті [8].

2011 жылы еларалық көлемді зерттеу жүргізіледі, ол ана еңбегінің балалардың когнитивтік және психологиялық дамуына ықпалы мен баларда мінез-құлықтың проблемалардың пайда болу сенімділігін бағалауға бағытталған. Оны қарастыруға бес ел атсалысты: Австралия, Канада, Дания, Ұлыбритания мен АҚШ. Оның нәтижелері бала туылғаннан кейінгі алғашқы алты ай бойында жұмысқа шығу, әсіресе сөз ананың толық жұмысы туралы болып отырғанда, бала мен оның мінез-құлқының дамуы деңгейінде жағымсыз түрде айтылуы мүмкін.

Ресейде, 1994 және 2010-2011 жылдары толық емес отбасында өмір сүрудің балаға әсері туралы зерттеулер жүргізіледі. Осы зерттеулердің барысында толық және толық емес отбасылардан шыққан жеткіншектердің дамуындағы, мінез-құлқындағы және өмірлік жоспарларындағы белгілі боларлық айырмашылықтар нақтыланбады [9].

Қазақстанда этносаралық некелерді зерттеу жүргізілуде. Мәселен, зерттеуші қазақтар мен орыстардағы этносаралық некелерді зерттейді.

Олар аса гемогенді некелер қазақтарға тән болып келетіндігі туралы қорытындыға келді. Соңғы жылдары аралас түрдегі некелердің этникалық өзгерістері байқалуда. Этносаралық некелерге тұрған қазақ әйелдерінің саны ұлғайған. Қазақстанның орыс халқы үшін қазақ халқымен салыстырғанда этносаралық некелердің аса жоғары көрсеткіштері тән болып келеді [10, 405 б.].

Соңғы жылдары толық емес отбасылар, отбасындағы зорлық-зомбылық, ажырасушылық және с.с. тақырыптар аса өзекті болды.

Әдебиеттер:

1.Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.

2. Кравченко С. А. Социологический энциклопедический русско-английский словарь. – 2004. – 511 с.

3.Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.

4.Савинков С. Н. Кризис современной семьи: история, тенденции, перспективы //Высшее образование сегодня. – 2017. – №. 8. – С. 53-55

5. Антонов А. И., Медков В. М. Социология семьи. М.: Изд-во МГУ, 1996.

6. Навайтис Г. Семья в психологической консультации. – М.; Воронеж: Московский психолого-социальный институт, 1999.

7.Джайнакова Н.Т., Асангулова Ж.Э. Анализ результатов социологического исследования на тему «Изменение гендерных отношений в Кыргызстане». Сайт http://www.gender.cawater-info.net/publications/pdf/gender_analysis_kyrg.pdf

8. Демоскоп. http://www.demoscope.ru/weekly/2017/0735/opros01.php

9. Демоскоп. http://www.demoscope.ru/weekly/2015/0625/analit06.php

10. Уалиева С. К. Тенденции межэтнических браков в Казахстане //Мир Большого Алтая. – 2017. – №. 3 (3). – С. 405-413




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет