Басты терминдер: халық, урбанизация, қоғамдық қозғалыстар
Әлеуметтануда «модернизация» терминімен дәстүрлі аграрлық қоғамнан зайырлы, қалалық және индустриальдық қоғамға өтушілік түсініледі.
ХХ ғасырдағы урбанизация – бұл әлемнің кіші дамыған елдері одан әрі тартылатын жаһандық үдеріс. Өткен ғасырдың ортасында әлемнің халқы басым түрде ауылшаруашылықтық болды: ауылдық қоныстарда әлемнің халқының 70% шамасы, қалалық қоныстарда - 30%-ы өмір үрді. БҰҰ бағалауы бойынша 2007 жылы тарихи маңызды күрделі кезең жеңіп шықты – адамзаттың бүкіл тарихында алғаш рет қала халқының саны 3343 миллион адамға қарсы 3363миллион адамды құрай отырып, ауыл халқының санынан асып түсті. Соңғы жылдары қала халқы басым қарқынмен өсуді жалғастырды және 2018 жылы қала қалқының үлесі әлем халқының жалпы санынан 55% асып түсті. Алдағы болашақта әлем халқының қалалық бөлігінің үлесі өсе түседі, 2030 жылы 60%-дан асады, ал ғалымдардың ортасында 68% болады [1].
Үлкен қалалардың өсуі халықтың өсуінің және де ауылдық тұрғындардың және кіш қалалар адамдарының миграциясының нәтижесі болып табылады. Бұл миграция жиі түрде интернациональдық болды және ауылдық ортада өскен адамдар басқа елдерге көше отырып, бірден қалаларға барып орналасты.
Мәдениеттегі әлеуметтік мінез-құлықтағы іргелі өзгерістер әлеуметтік өзгерістер ретінде анықталады.
Әлеуметтік өзгерістер адамдардың мінез-құлқында мәдениетте және қоғамның құрылымында көрініс береді. Әлеуметтік өзгерістердің қайнар көздері құндылықтар мен нормаларды, инновацияларды, диффузияны қолдап отыратын: физикалық орта, халық, ресурстар мен құндылықтардан туындайтын дау-жалдар бола алады. Әлеуметтанушы Ю.Волков атап көрсеткендей, адамдар тіршілік етудің нақтылы бір ортасында өмір сүреді және тіршілігін сақтау үшін оларға қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түсуі қажет. Егер де қоршаған орта қандай да бір себеппен өзгеріске ұшыраса, оның мекендеушілері осы өзгерістерге сәйкес келетін институционалдық өзгерістермен жауап қайтара алуы тиіс. Әлеуметтік өзгерістердің басқа дерек көзі – халық болып табылады. Халықтың санына, оның құрылымы мен орналасуына әлеуметтік өзгерістер байланысты болады. Мәселен, соғыстан кейінгі беби-бум қоғамдардың мәдени, экономикалық, саяси дамуына ықпал ете алды. Қазіргі қоғамдардың басым көпшілігінде бала туудың деңгейінің төмендеуінің және өмірдің ұзақтығының жоғарылауының нәтижесі ретінде халықтың қартаюы байқалуда. Халықтың қартаюы қазіргі заманғы қоғамдардың жағдайына ықпал етеді. Дау-жанжал әлеуметтік өзгерістердің бастау көздері бола алады, өйткені күрес барысында алға қойған мақсаттарға қол жеткізулері үшін топтың мүшелері өздерінің ресурстары мен мүмкіншіліктерін жұмылдырылулары тиіс. Әлеуметтік өзгерістердің осындай, бастау көздері, Ю.Волков атап көрсеткендей, қоғамда қабылданған құндылықтар мен нормалар ретінде өзіндік тұрғыда қандай да бір тыйым салатын «цензорлар» әрекет етеді, ол «стимулятор» («денегіш») ретінде де әрекет ете алады. Инновациялар – әлеуметтік өзгерістердің бастау көзі. Инновациялар негізделе алатын мәдени әлементтердің саны қаншалықты көп болса, жаңалық ашулар мен өнер тапқыштықтың жиілігі де соншалықты жоғары болады. Диффузия да әлеуметтік өзгерістердің бастау көзі бола алады. Ю.Волков атап көрсеткендей, диффузия – бұл оның барысында мәдени сипаттамалар бір әлеуметтік жүйеден екіншісіне таралатын үдеріс. Әрбір мәдениет тек өзіне ғана тән болып келетін бірегей ерекшеліктер мен паттерндердің аздаған санына ие [2].
Демография халықтың орналасуы проблемасын зерттейді. Халықтың құрылымы үш фактормен; бала туу, өлім-жітім және миграциялық үдерістермен анықталады. Демографияны әлеуметтанудың тармақтарының бірі деп санауға болады, өйткені халықтың бала туу, өлім-жітім және миграциясының деңгейіне ықпал ететін факторлар айтарлықтай өлшемде әлеуметтік болып табылады.
Демографиялық ғылымда бала туу жағдайын талдау кезінде әрқайсысы бала туудың деңгейінің нақтылы аспектілерін көрсететін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ең дәл көрсеткіш бала туудың жинақтық коэфиценті болып табылады. Бала туудың жи қосынды коэффиценті – гипотетикалық буындағы әйел бүкіл өмірінде осы жылда өлім-жітімнің болмауынан және бала туудың жас айырмашылықтық коэффиценттер барысында дүниеге әкелетін балалардың орташа саны.
Бала туу деңгейі әйелдердің фертильділігін бейнелейді. «Фертильділік» түсінігі орташа статистикалық әйелде бола алатын, туылған тірі балалардың санын білдіреді.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап бала тууды зерттеу жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде жергілікті зерттеулердің көлемді саны жүргізілді. Халықаралық зерттеулер (зерттеу бірнеше елдерде жүргізілгенде) үлкен қызығушылық тудырады.
Мәселен, 1972-1984 жылдары халықтың өсуі аймағындағы ғылыми зерттеулер бойынша Халықаралық одақпен бірлесе отырып Халықаралық статистикалық институты жасаған бағдарлама бойынша 42 дамушы және әлемнің 14 дамыған елдерінде бала тууды Бүкіләлемдік зерттеу жүргілілінді («World Fertility Survey», WFS). Оның негізгі мақсаты – елдер бойынша бала туудың, халықтың қайта жаңғыртылған қондырғыларының үрдістері туралы салыстырмалы ақпаратты алу болып табылады.
1988-1999 жылдар аралығында Еуропалық экономикалық комиссия аймағына («Fertility and family surveys in countries of the ECE region», FFS) кіретін елдердегі отбасылық бала тууды зерттеу жүріп өтті. Зерттеу бірыңғай типтік бағдарлама бойынша 24 мемлекетте ұйымдастырылады, бұл еуропалық елдердің халықтарының қайта жаңғыртылған мінез-құлқындағы жалпы және ерекше нақтылап алуға мүмкіндік берді. Батыс Еуропадағы әйелдер кештеу түрде бала босанатыны нақтыланды, бірақ бала туушылық арасындағы аралық басым түрде тығызданған.
Қазақстанда бала тууды зерттеу бойынша болатын әлеуметтанушылық зерттеулер 90 жылдардың ортасында жүргізіле бастады. Алғашқы ірі зерттеулердің бірі 1995-1999 жылдары жүргізілген, қазақстанның медициналық-демографиялық зерттеулері болып табылды. Осы жобаның барысында 15-тен 49-жас аралығындағы 4800 әйел мен 15-тен 59-жасқа дейінгі ер адамдардардан ақпарат алынды.
Өлім-жітімнің жалпы деңгейі бала туудың деңгейі сияқты есепке алынады, яғни өлім-жітімнің саны жылына 1000 адамнан. Мұнда да елдердің арасындағы айырмашылықтар байқалады. Өлім-жітім көрсеткішінің маңызды аспектісі толықтай алғанда сәбилердің өлім-жітім деңгейі болып табылады. Сәбилердің өлім-жітімінің деңгейі – бұл жылына шаққандағы әрбір мыңыншы туылған балаға тура келеді, яғни бір жасына жеткенге дейінгі қайтыс болған сәбилердің саны. Сәбилер өлім-жітімнің деңгейінің төмендеуі өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткішіне ықпал ететін маңызды фактор болып табылады, яғни орта жастағы адамның жасының саны. Өмірдің ұзақтығына ықпал ететін басқа факторлар – ауру-сырқаулар, азықтану және стихиялық апаттар болып табылады. БҰҰ есебіне сәйкес, 2016 жылы күн сайын өзінің бесінші туған күніне жете алмастан 15000 бала қайтыс болған, олардың 46 пайызы (7000бала) өмірінің алғашқы 28-ші күнінде қайтыс болған. Әлемдегі пневмония мен диарея бұл емес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітіміне алып келетін негізгі жұқпалы аурулар [3].
Елдер арасындағы сәбилердің өлім-жітім деңгейі айтарлықтай түрде ерекшеленеді. Осы жағдай бойынша 2018 – аса жағымды жағдай Исландияда (жаңа 1000 сәбиге шаққанда (1,6), Словенияда – (1,7), Финляндияда – (1,9), Жапанияда (1,9) болды. Жағымсыз жағдай – Чадта (73,4), Сомалиде (79,7), Съера-Леонда (81,7), Орталық Африка Республикасында (87,6) орын алды. Қазақстан 193 елдің арасында 67 орынды және сәбилер өлім-жітімі бойынша – 8,9 тұр [4].
Халықтың «миграциясы» түсінігі латынның migration сөзінен, ол «қоныс аудару» дегенді білдірді. Ең көп тараған анықтама – Л.Л. Рыбаковскийдің түсініктемесі болып табылады, ол миграцияны қандай да болсын жалғасымдылығына, тұрақтылығына және мақсатты түрде бағытталғандығына байланыссыз, бір немесе бірнеше әкімшілік-территориялық бірліктері әр алуан қоныстық тұрақтардың арасындағы іске асырылатын қайсыбір территориялық орын ауыстырушылық деп атады [5, 35 б.].
Миграцияны іске асыратын адамдар мигранттар деп аталады. Сыртқы (континентаралық, мемлекетаралық) және ішкі (мемлекет ішіндегі миграциялар деп ерекшеленеді. Мемлекеттік елдің шекарасынан тыс қоныс аударған адамдар – бұлар эпигранттар. Осы мемлекетке көшіп келген адамдар – бұлар иммигранттар. Осы бірінші және екіншілердің арасындағы сандық айырмашылық – ел халқының санына ықпал ететін миграциялық сальдо болып табылады.
Ағылшын ғалымы Э.Г.Равенштейн миграция саласындағы алғашқы теориялық зерттеулердің біреуінің авторы болып табылады (1885 ж.). Ұлыбританиядағы және Солтүстік Америкадағы миграциялық үдерістерді зерттей отырып, Равенштейн он бір миграциялық заңдарды қалыптастырды, кейіннен оған миграция саласындағы көптеген теориялавр негізделінді. Оның негіздері мыналар:
Территориялардың арасында халықтарды қайтадан орналастыру жүруде.
Территориялар басты көріністе экономикалық сипаттамалары бойынша ерекшеленеді;
Мигранттардың басым көпшілігі қысқаша ара қашықтыққа көшіп ауысады.
Миграция сатылы түрде болып өтеді.
Әрбір миграциялық ағымға керісінше болатын ағым сай келеді.
Алыс ара қашықтықтағы мигранттар өнеркәсіптік және сауданың ірі орталықтарына көшіп-қонады.
Қалалардың тұрғындары ауылдық жерлердің тұрғындарына қарағанда аз қозғалыста.
Әйелдер елдің ішінде ерлерге қарағанда жылжымалы, ерлер болса ұзақ ара қашықтыққа орын ауыстыруда әйелдерге қарағанда жылжымалы.
Үлкен қалалар миграцияның есебінен басты көріністе өсе түседі.
Миграцияның көлемі өнеркәсіптің, сауданың және транспорттың дамуымен ұлғаяды.
Миграцияның басты себептері – экономикалық себептер [6, 2 б.].
Миграция бойынша маман - Т.Н.Юдина әлемді миграциялық үдерістердің мынадай заманауи үрдістерін бөліп көрсетеді: бірінші үрдіс – бұл миграцияның көлемдерінің ұлғаюы және кеңеюі. Екінші үрдіс – бұл мигранттардың жаңа типтерінің пайда болуы, олардың әлеуметтік-мәдени сипаттамаларының әралуандығы ұлғаяды. Үшінші үрдіс – бұл мәжбүрлік миграцияның кеңеюі. Төртінші үрдіс – бұл миграциялық орын ауыстырушылықтардың фенинизацияны. Бесінші үрдіс – бұл көптеген елдердің эмиграцияны өз елдеріндегі жұмыспен қамту проблемаларын шешу үшін қолдануы [5, 5-23 бб.].
БҰҰ бағалауы бойынша, халықаралық мигранттардың санының жылдам өсуі жалғасуда 2020 жылдық ортасына қарай бұл 2010 жылғы 221 миллион адамға қарсы 281 миллионға дерлік жеткізілді. Ғасырдың бастауымен салыстырғанда ол 62%-ға, ал 1990 жылмен салыстырғанда - 83%-ға ұлғайды [7]. 1990 жылға дейін әлемдегі миграцияның аса көп тараған типі үш негізгі нәрсе болды: тұрақты тұрғын жайға көшу, яғни дәстүрлі эмиграция; уақытша еңбек миграциясы және қашқындардың қозғалысы. Қашқындар қозғалысы үрдісі соңғы 10 жылда ағымдалудың үлкен әралуанды болуына және олардың типтерінің араласуына, жаңа типтердің пайда болуына алып келді. Ең алдымен, сөз жоғары түрде кәсібиленген жұмысшы күштерінің миграциясы туралы болуда [5, 5 б.].
БҰҰ бағалауы бойынша, 2020 жылы қашқындардың саны (баспана сұраушыларды қоса алғанда) 33,8 миллион адамға дейін ұлғайды [7]. Дегенмен де әйелдер мигранттардың жеткілікті түрдегі үлкен бөлігін құрағанымен де, олардың үлесі соңғы уақытта 48%-ға дейін ұлғайды. Көптеген елдер эмиграцияны өз елдеріндегі жұмысты қамту проблемаларын шешу үшін қолданады. Бұл жұмысшы күшін тартуда іс жүзінде үкіметтің оған қатысуын білдіреді. Бірқатар азияттық елдер тіпті еңбек миграциясы басқару бойынша арнайы департаменттер (немесе агенттіктер) де құрып алған [5, 22 б.]. Барлық қазіргі заманғы индустриалды қоғамдар төтенше түрде урбанизацияланған. Өнеркәсіптік дамыған елдердің халық басым қоныстанған қалаларында 20 миллионға дейін тұрғындары бар. Урбанизацияның жаңа көрініс берушілігі конурбациялар (үйшік, жатақ) мен мегаполистер болып табылады. Конурбациялар деп қалалық құрылыстардың көлемді аумақтарын құратын қалалардың шоғырлануын айтады [8, 518 б.].
Ұлыбритания индустриялануды бірінші бастан өткерді және бірінші болып ауыл шаруашылық елінен қала халқы басым тұратын елге айналды. 1800 – жылы Лондонда 1,1 миллион шамасындағы тұрғын болды, ал ХХ – ғасырдың басына қарай астана тұрғындары 7 миллион адамнан асып түсті. Басқа еуропалық елдердің көпшілігі мен Құрама штаттардағы урбанизация біршама кейін басталды, бірақ бірқатар жағдайларда тіпті жылдамырақ жүрді.
Заманауи қалалардың дамуы мінез – құлықтың әдеттері мен стереотиптеріне және де адамдардың ойлау бейнесіне де ауқымды ықпал етті. ХVIII – ғасырда үлкен қалалық агломерацияның пайда болуымен қалалардың қоғамдық өмірге жасайтын ықпалы туралы пікірлер бөлініп кетті. Біреулер қалалар экономикалық және мәдени даму үшін көлемді мүмкіндіктер ашады, жайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді деп санайды. Басқалары қаланы қылмыс, алдау және зорлық – зомбылық таралған, агрессиялық адамдардың тобыры ретінде көрді.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі қалалардың дамуының бағыттарының бірі – қала маңының кеңеюі болды (suburbia, латынша – suburbe – «қалаға бағынышты»). Э. Гиденнс атап көрсеткендей, субурбанизация – бұл үлкен қалаға қабысатын, құрылыс салынған қандай да болсын аудан.
Құрама Штаттарда субурбанизация үдерісі өзінің апогеясына 1950 – 1960 жылдары қол жеткізді. Көптеген қала маңының өздері жекелеген қалаларға айналды. 1960 – шы жылдардан бастап бір қала маңынан екіншісіне жұмысқа күн сайын барып келетіндердердің үлесі қала маңынан қалаға барыс – келісті іске асыратындардың үлесіне қарағанда жылдамырақ өсті [8, 529 б.]. Саскиа Сэссен зерттеуші, үш қаланы (Нью-Йорк, Лондон және Токио) зерттей отырып, оларды жаһандық қалалар деп атады. Осы ірі қалалардың өздері халықаралық сауданың штаб-пәтерлерін, әлемдік экономиканың орталықтарын білдіреді. Ірі қалалар жаһандық экономика үшін саяси шешімдерді жасап шығаратын орталықтарға –«командалық бекеттерге» айналды [8, 536 б.].
Э.Гидденс осы жаһандық қалалардың кері жағы да бар – деп атап көрсетеді – бұл джентрификация. Джентрификация жағымсыз аудан қандай да бір арт-қауымдастықтың немесе шығармашыл таптық өкілдерін таңдап алады, соның барысындағы үдерісті сипаттайды. Осыған сәйкес, адамдары өнерге қызығатын, осы ауданға жиі келуді бастайтын осы орынның құндылығы ұлғаяды. Суретшілер үшін оларға орта таптың өкілдері тартылады, ауданда жаңа құрылыстар басталады, ал тұрғын үй онда бұрын тұрғандар үшін өте қымбат бола бастайды, - оларға көшіп кетуге тура келеді [9].
Э.Гидденс атап көрсеткендей, бұл мейрамханаларда, қонақ үйлерде және кішірек дүкендерде төмен жалақылы орындардың үлкен санын құруға алып келеді. Байлық пен сән-салтанат кедейлікпен қатар өмір сүрді [8, 537 б.]. Қарқынды түрде өсе түскен қалалар үшінші әлемде радикалды көріністе индустриал
дық елдердің қалаларынан ерекшеленеді. Адамдар осы қалаларға ауылшаруашылық өндірісінің дәстүрлі жүйесінің бұзылуынан да, болмаса табысы көп жұмыс іздеуден байланысты көшік келеді. Мигранттардың жасырын қоныстары қалалардың маңында саңырауқұлақтар сияқты өсе түсуде. Егер де батыстық қалаларда олар негізінен қаланың орталық бөліктерінде қоныстанған болса, ал үшінші әлемнің елдерінде – қалалардың айналасында лас түкпірлерді құрады.
Әлеуметтанушылар үшін зерттеу тақырыбы қалалардың өсуі үдерістерін оқып-үйренумен қалалардың өсуі үдерістерін оқып-үйренумен қатар ауылдың, ауылдық өмірдің мәселелерін де зерттеулері қажет.
Әлеуметтанушы – Л.З. Фатхуллина ауыл халқының мәселелерін зерттеу мына категориялардың – сапа деңгейі мен өмір салтының мәндерін жеткілікті түрде нақтылы анықталуыц ұйғарған жөн – деп атап көрсетеді. Өмірдің сапасы «өмірдің деңгейі» түсінігімен жиі сәйкестенеді. Өмірдің деңгейі адамның тұтыну саласындағы өмір сүруінің шарттарымен анықталады және адамдардың жалпы игілік жағдайларының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен өлшенеді. Өмірдің сапасы айтарлықтай көлемді және оның өзі де адамның өзіне өмір деңгейін және тіршілік етудің экологиялық ортасы, әлеуметтік игілік, саяси ахуал, психологиялық жайлылық сияқты құрамдас бөліктерін қоса отырып, адамның өмірлік іс-әрекетінің жағдайларының жиынтығын білдіреді.
Қоғамдық қозғалыстар бұқаралығымен, көлемді әлеуметтік базамен, ұйымдасушылық және идеялық бағыттылығы мен құрамының тұрақсыздығымен, сирек түрде болатын стихиялығымен және іс-әрекетінің бұлыңғырлығымен ерекшеленеді.
Е.А. Здравомыслованың пікірі бойынша барлық әлеуметтік ұйымдар осы қозғалыстардың дамуына қажетті ресурстарды тартуға мүдделілік танытады. Көлемді қолдауы жоқ ұйымдар тәуелсіз сыртқы демеушілерді, атап айтқанда меценаттарды іздейді. Қоғамдық қозғалыстардың табысты болуына әр түрлі қоғамдық қорлардың, демеуші кәсіпорындардың, қайырымдылық бастамаларының болуы да мүмкіндік береді [12, 92-93 бб.]. Батыс зерттеушілерінің басым көпшілігі қоғамдық қозғалыстар дегеніміз – бұл биліктің өмір сүріп отырған жүйесі мен құндылықтардың үстем болған жүйесіне, әлеуметтік өзгерістердің іске асырылуына қарсы бағытталған ұжымдық іс-әрекет деп санайды [11, 52 б.].
Қоғамдық қозғалыстар типологиясы әр түрлі негіздемелер бойынша жүргізіле алады. Қоғамдық қозғалыстардың ұйымы әлеуметтік базасына байланысты бірнеше типтерге бөлінеді. Оның ең көп тарағаны – «классикалық» және «кәсіби» типтер болып табылады. «Классикалық тип» - бұл ең алдымен оның мақсаттарын іске асыруға аса мүдделі болатын мүдделі жақтаушыларға бағыт ұстанған, ұйым. Мұндай қозғалыс шындығында, ауқымды әлеуметтік базаға ие. Оның мысалдарына – экологиялық, жастар, әйелдер, құқық қорғау қозғалыстары дәлел бола алады. «Кәсіби» типке салыстырмалы түрдегі қатаң құрылымы мен аздаған әлеуметтік базасы бар тек осы типке ұйымдық түрде құрылымдалған қоғамдық-саяси қозғалыстарды жатқызуға тура келеді. Ұйымдастырушылық түрінен басқа, олар өздеріне мынадай топтарды қосады.: 1) қозғалыс ұйымына уақыт пен қаржы жинақтап салатын белсенді қатысушылар; 2) қозғалыстың мақсаттары мен міндеттеріне қосылатын және қуаттайтын жақтаушылар; 3) енжар бақылаушыларды, халықтың белсенді емес бөлігін [12, 92 б.]. Іс-әрекетінің мақсаттары мен салалары бойынша антисоғыстық, экологиялық, әйелдер қозғалысы, жастар қозғалысы, нәсілдік және ұлттық тең құқылық үшін қозғалысы, тұтынушыларды қорғау қозғалысы, діни қозғалыстар және т.б. бөліп көрсетуге болады. Өмір сүріп отырған құрылысқа қатынасы бойынша қоғамдық қозғалыстар революциялық, реакциялық деп бөлінеді.
Қоғамдық қозғалыстардың негізгі функцияларының қоғамдық қозғалыстардың болуы санына қарай мыналар тиесілі: 1) Бірлестік мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін нақтылау және қанағаттандыру. 2) Әлеуметтік интеграция және мобилизацияның функциялары. 3) Әлеуметтану функциялары. 4) Өз мүшелерінің өкілеттігі мен мүдделерін қорғау функциясы немесе репрезентативтік функция. Қоғамдық қозғалыстардың дамуында үш деңгейді бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгей: идеялардың туындауы, белсенділердің пайда болуы, ортақ көзқарастардың жасалынуы. Екінші деңгей: көзқарастарды насихаттау, үгіт-насихат, жақтастарын тарту. Үшінші деңгей: идеялар мен талап-тілектердің нақтылы түрде қалыптасуы, қоғамдық-саяси белсенділіктің дамуы, қоғамдық-саяси ұйымға немесе партияға рәсімделу және билік үшін болатын саяси өмір мен күреске қатысу, егерде мақсатқа қол жеткізілген болса, немесе оларға қол жеткізудің басымдықтары болмаса, қозғалыс басылып қалады.
Әдебиеттер:
1.Щербакова Е. Население городов мира по оценкам ООН 2018 года. С сайта http://www.demoscope.ru/weekly/2020/0841/barom02.php
2. Волков Ю. Социология. – Litres, 2021.
3. ЮНИСЕФ Қазақстан. https://www.unicef.org/kazakhstan
4.Рейтинг стран мира по уровню младенческой смертности / Гуманитарный портал: Исследования [Электронный ресурс] // Центр гуманитарных технологий, 2006–2021 (последняя редакция: 22.03.2021). URL: https://gtmarket.ru/ratings/child-mortality-ranking
5. Юдина Т. Н. Социология миграции. –Академический проект, 2006. – 272 с.
6. Абылкаликов С. И., Винник М. В. Экономические теории миграции: рабочая сила и рынок труда //Бизнес. Общество. Власть. – 2012. – №. 12. – С. 1-19
7. Щербакова Е. Международная миграция по оценкам ООН 2020 года. С сайта http://www.demoscope.ru/weekly/2021/0889/barom02.php
8. Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
9. https://strelkamag.com/ru/article/vocabularygentrification
10. Фатхуллина Л.З. Качество жизни сельского населения: от теории к практике // Вестник Казанского государственного технологического университета. – 2011. - №23. – С. 235-242
11.Скобелина Н.А. Общественные движения как объект социологического исследования// Вестник Волгоградского государственного университета. Сер. 7, Филос. 2010. №1 (11), с. 51-57
12.Здравомыслова Е. А. Социологические подходы к анализу общественных движений //Социологические исследования. – 1990. – №. 7. – С. 88-94
Достарыңызбен бөлісу: |