Тақырып бойынша сұрақтар:
Ықпалдың түрлері. Прогрессивті(ілгерінді ықпал). Регрессивті(кейінді ықпал).
А.Байтұрсыновтың ырғақ жөніндегі пікірі.
Бунақ екпіні.
Тармақ, шумақ, екпін.
Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.
2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.
3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет
4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015
5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.
6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.
7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.
8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.
9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
№ _10__ тақырып Сингармонизм. Аккомодация
Дәріс жоспары: 1. Сингармонизмнің қызметі.
2. Морфемалар жігінде қатар келетін дыбыстар.
3. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі.
Мазмұны Сингармонизм(грек.sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) –түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан(не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы»[19,159]. Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Бұл, әрине, негізінен дұрыс.
Ә.Жүнісбеков[43,45,54] түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылған пікірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда:
Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ(түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің(франц.tembre – дыбыстың сапасы, бояуы)сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Индоевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік(франц.constitutif – мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингармонизм(сингармема) атқарады.
Бір ғана дыбыс түрінде түсетін т, ат, ет, от, өт, сөздерінде төрт түрлі(езулік – жуан, езулік- жіңішке, еріндік – жіңішке) реңге ие болатынынан хабарымыз бар. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тұр. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нұқсан келтірер еді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды.
Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгілермен ажырайды.
Жуан езулік – жіңішке езулік: тыс –тіс, бас – бәс.
Жуан еріндік – жіңішке еріндік: сол – сөл, жон – жөн, от – өт.
Жуан еріндік – жуан езулік: тот – тат, сұр – сыр, от – ат.
Жуан еріндік – жіңішке езулік: тон – тін, тұс – тіс, от – өт.
Жіңішке еріндік – жіңішке езулік: өн – ін, түр – тер, өт – ет.
Жіңішке еріндік – жуан езулік: түс – тас, өр – ар, өт – ат.
Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады.
Қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздардың да фонологиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрінеді. Дауыстылардың ролі тек буын жасау ғана болса керек, ал әр түрлі дауыстылар – сингармотембрдің өмір сүру варианттары.
Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерінің(грек.tupos – форма, үлгі) саны олардың сингармониялық варианттарынан(реңінен) әлдеқайда аз. Дауыстылардың сингармотиптері жақтың қызметіне сай келеді де, үш түрлі болады: 1)қысаң дауыстылар(Дқ), 2)ашықтар(Да), 3)дифтонгілер(жартылай ашықтар)(Дд). Бұлар сингармобун деңгейінде өзара қарсы қою арқылы ажыратылатын дауыстылардың топтары.
Сонымен қысаң дауыстылар өз алдына бір сингармотип құрайды. Мысалы: тыз – тіз, тұз –түз. Дауысты ы, і, ұ, ү бір дауысты дыбыстың төрт сингармореңкі болып табылады. Бұлар бас-басына буын жасайды, алайда бір дауысты ретінде қызмет етеді.
Ашық дауыстылар да бір сингармотип құрайды. Бұлар да бас-басына буын құрап, бір дауысты дыбыстың екі сингармореңкі болады.
Жартылай ашық дауыстылар – дифтонгілер – бір сингармотип құрап, бас-басына буын жасайды, әр дауысты дыбыстың(дифтонгінің) үш сингармореңкі ретінде көрінеді.
Бұл үш типтегі сингармореңктер өз ішінде бірін-бірі алмастыра алмайды. Бұлардың бәрі сингармобуынның дауысты сингармокомпоненті ретінде көрінеді. Ашық, қысаң, дифтонгілер бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Әр сингармотиптегі сингармодауыстылардың әрқайсысы екі тембрден құралады.
Қ ы с а ң д а р: