1 тақырып «Құқық негіздері» курсының тақырыбы, жүйесі. Мемлекет және құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары


Мемлекеттiң ұғымы және негiзгi сипаты



бет3/4
Дата04.04.2023
өлшемі21,77 Kb.
#79262
1   2   3   4
Байланысты:
1 д р¦с л ы нег¦зде𦬠курсыны та ырыбы, ж йес¦. Мемлекет ж не ы ты нег¦зг¦ т с¦н¦ктер¦ мен категориялары

4 Мемлекеттұғымы және негiзгi сипаты
Мемлекет дегенiмiз - ол, адам қоғамының бiрлесiп саяси қоғам құрудың нәтижесiн айтады. Мемлекет дегенiмiз-ол, билеушi таптардың әлеуметтiгi төмен дәрежедегi адамдар тобына өз билiгiн жүргiзу iс-әрекеттерiн айтады. Мемлекет дегенiмiз - ол, жұмысшы табының көрсеткен қарсылығын басып-жаншып тастайтын үстем таптың қолындағы қару-жарақты айтады (В.И.Ленин). Мемлекет дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардығы саяси ұйымның белгiлi бiр көздеген мақсатқа жету үшiн жасалатын саяси және экономикалық маңызы бар iс-шараларды жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекеттiң негiзгi сипаты дегенiмiз - ол, мемлекеттiң сырт пiшiнiн және қоғамдық қатынастарды жасаудағы әдiс-тәсiлдерiн билiктi жүргiзу кезiнде сыртқы және iшкi қарым-қатынастарды жүргiзу кезiнде пайда болатын iс-әрекетiн айтады.
Мемлекеттiң негiзгi сипаты мынадан тұрады:
1.Басқару және мәжбүрлеу аппараты;
2.Мiндеттi түрде шекара;
3.Егемендiгi болады;
4.Өзiнiң ақшасы;
5.Мемлекеттiк тiлi;
6.Ел басшысы;
7.Салық жинайды;
8.Билiк тiзбегiне бөлiнедi;
9.Жазалаушы орган;
10.Мемлекет билiгiн жүргiзетiн арнайы аппараттар болады.
5 Мемлекеттiң пайда болу себептерi
Мемлекеттiң пайда болу себептерiн айту үшiн - ол, тарихи деректер мен өткен ғасырдың өмiр-тiрiшiлiгi мен өмiр қозғалысымен танысуды қажет етедi. Тарихи деректерге қарағанда мемлекеттiң әр-алуан типтерi, орналасу нысандары мен саяси режимдерi болды. Мемлекет - ол, ежелгi дәуiрден бастап қазiргi кезеңге дейiн өмiр сүрiп келе жатқан саяси қоғамды айтады.
Мемлекеттiң пайда болуы себептерi:
- Мемлекет адам қоғамының дамуының белгiлi бiр сатысында пайда болады;
- Мемлекет адам қоғамындағы жеке меншiктiң пайда болуының нәтижесiнде пайда болады;
- Мемлекет адам қоғамының бiрiгуiнiң және алда қойған мақсатын орындау үшiн және өз алдына саяси билiкке ие болу үшiн пайда болады;
- Мемлекет белгiлi бiр адам қоғамының, нақты бiр жер аумағындағы, елдi мекендердiң өзге халықтан тәуелсiз болу үшiн пайда болады;
- Мемлекет - адам қоғамы өзiнiң жеке меншiгiн және өзiне тән мүлiктi сырттан келетiн басқыншылықтан қорғау үшiн пайда болуы қажет;
- Мемлекет – ол, таптық күрестiң нәтижесiнде пайда болады (Ф.Энгельс);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет