№ 1 тақырып«Құқық негіздері» курсының тақырыбы, жүйесі. Мемлекет және құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары.
Мақсаты: бұл тақырып кiрiспе ретiнде болғандықтан, оны қарастыру кезiнде басқа өтілген пәндермен салыстыра отырып, мемлекет және құқықтың қалыптасу жолдары мен ерекшеліктерін сипаттау және қазіргі Қазақстан тәуелсіздігі жағдайында осы пәннің жеке ғылым ретінде ерекше маңызға ие болу себептерін студенттер қауымына түсіндіру, құқық пен мемлекеттің ұғымын, оларды дәлелдеу белгілерін, сондай-ақ мемлекеттілікті анықтауға мүмкіндік беретін нысандарды жан-жақты ашып түсіндіру.
Жоспары: 1 Құқық негіздері пән ретінде қаралуы
2 Құқық негіздері пәнінің заң пәндері арасынан алатын орны
3 Құқық ұғымы және белгілері
4 Мемлекет ұғымы және белгілері
5 Мемлекеттің пайда болу себептері
6 Мемлекеттік нысандар
1 Құқық негіздері пән ретінде қаралуы Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейді. Тауар-ақша (мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да ҚР Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайта бағалау оңай шаруа емес. Осыған байланысты, жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Осы құқық негіздері пәнінің мазмұнында конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және қылмыстық құқық және тағы да басқа құқық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, қарастырылады.
Құқық саласы - өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастарының ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген тобы.