1-тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау. 2-сабақ. Тактикалық және топографиялық бағдарлау. Оқу сұрақтары: Жергілікті жерді бағдарлау және өз орналасқан жерін анықтау тәртібі.
Тактикалық және топографиялық бағдарлау.
1-ші оқу сұрағы: Жергілікті жерді бағдарлау және өз орналасқан жерін анықтау тәртібі.
Жалпы бағдарлану өзінің орналасқан орнын, қозғалыс бағытын және маршруттың соңғы пунктіне жету уақытын шамамен анықтаудан тұрады. Бұндай бағдарлануды көп жағдайда ұсақ бөлімшелердің командирлері алдын ала құрастырылған сызбалар немесе елді мекендер тізімдері және басқа да маршрут бойынша бағдарлар бойынша жүзеге асырады.
Дәл бағдарлану карта бойынша өзінің орналасқан орнын және қозғалу бағытын дәл анықтаудан тұрады. Карта немесе аэрофототүсірілімге ие командирлер ұрыс жағдайында нысананы нақты көрсетуге және бөлімшелерді, атуды нақты басқаруға мүмкіндік беретін дәл бағдарлануды әрдайым жүзеге асырады .
Жергілікті жердегі бағыттар бастапқы ретінде қабылданған қандай да бір жергілікті жердегі орнатылған немесе белгіленген бағыттармен құрайтын жазық бұрыштармен анықталады. Олар градус өлшемімен немесе бұрыш өлшегіш бөлігімен өлшенеді.
Бастапқы, немесе бағдарлы деп те аталатын бағыт ретінде біз тұрған нүкте арқылы өтетін кез-келген бағыт және одан жақсы көрінетін жергілікті жердің басқа да алыстаған объекті - бағдар табылуы мүмкін.
Көкжиек тұстары бойынша бағдарлану кезінде бағдарлы бағыт ретінде магниттік меридианның солтүстік бағыты алынады. Ол компас арқылы анықталады, ал аспап жоқ болған жағдайда - шамамен, көзбен - аспан жарықтары және әртүрлі сипаттар бойынша анықталады. Магниттік меридианға қатысты бағыттар магниттік азимуттармен анықталады.
Бағдарлану міндеті қозғалыс бағытын іздестіру және ұстанумен шектелмейді. Ол командир мен оның бағыныстыларының жергілікті жерді зерттеу, қарсыласты барлау, нысананы көрсетуді, өзара әрекеттесуді ұйымдастыру және ұрыс алаңында қозғалу бойынша міндеттеріне құрамдас және бастапқы элемент ретінде үйлесімді түрде кіреді.
Сонымен, жергілікті жерде бағдарлану - бұл эпизодтық іс-шара емес, алынған жауынгерлік міндетті орындауға дайындық кезеңінде және орындау барысында бөлімше командирі жеке өзі және жеке құрам оның жетекшілігімен жүзеге асыратын үздіксіз үрдіс. Бағдарлану уақыты бойынша және кеңістікте үздіксіз болуы қажет. Бұл дегеніміз - жауынгерлік міндетті орындау барысында ол жүйелі түрде, бөлімшенің жергілікті жерде қозғалуы шамасында, кез-келген жағдайда, кез-келген сәтте және кез-келген жерде белгілі бағдарларға, өз әрекеттері объектілеріне, өз орналасу жерлерінің бастапқы және соңғы пункттеріне қатысты өз орналасу орнын сенімді және нақты білетіндей етіп жүзеге асырылуы қажет.