1-тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау. 2-сабақ. Тактикалық және топографиялық бағдарлау



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі200,23 Kb.
#122260
түріСабақ
1   2   3
Топографиялық бағдарлау- көкжиек тұстарының орналасуын, өзінің тұру нүктесін, жергілікті жердің қоршаған объектілерінің қалпын және олардан алыстауды анықтау. Кейіннен өз күштерімен байланыс құралдары көмегімен өзара әрекеттесу барысында картамен жұмыс жасауды және нысананы көрсетуді жеңілдетеді. Сонымен бірге жергілікті жер шартты түрде төртбұрыштар бойынша кодталады. Координаттар жүйесі жалпы мемлекеттік карталарда қолданылатындармен сәйкес келмеуі қажет. Тактикалық бағдарлаудың алдындағы топографикалық бағдарлау командирдің жауынгерлік тапсырма қоюдағы маңызды, бірінші кезеңі болады. Топографиялық бағдарлауда алдымен бағытты көкжиектің бір жағынан, көбінесе солтүстікке қарай көрсетеді, кейін бөлімшенің орналасқан жерін және қоршаған жергілікті заттардың, жер бедерінің сипаттарын және оларға дейінгі қашықтықты көрсетеді. Мысалы: «Солтүстік- темір жол көпірі, Круглая биіктігінде тұрмыз; оң жақта, 3 км.- Ивановка; тігінен, 3 км- Бежица өзені, әрі қарай, 6 км- Каменск қаласы; сол жақтан, 3км –Широкое көлі». Осыдан кейін командир бағдарларды көрсетеді және тактикалық бағдарлауын жүргізеді.
Тактикалық бағдарлау- қарсыластың және өз бөлімшелерінің орналасу орнын және әрекеттер сипатын анықтау.
Бастапқыда бақылау құралсыз көзбен жүргізіледі. Жергілікті жер оңнан солға қарай, жақын заттардан алысқа қарай бақылап тексеріледі. Бағдарлар ретінде жергілікті жерде жақсы көрінетін жылжымайтын табиғи немесе жасанды заттар, сондай-ақ бедер элементтері таңдалады. Түнгі уақытта бағдарлану ыңғайлылығы үшін жергілікті жерде ашық көрінген немесе түнде көрінетін заттарды таңдау қажет.
Ұрыс кезінде өзінің орналасқан жері мен қозғалыс бағытын анықтаумен қатар, бағдарлар нысананы көрсетуде, ұрыста оқпен және бөлімшені басқаруда қолданылады. Бағдар ретінде ұрыс алаңында сақталатын тұрақты жергілікті заттар мен жер бедерінің пішінін таңдау қажет, мысалы: биіктіктер, топырақ үйінділері, жолдар қиылыстары және т.б. Бағдарлар қажет жағдайда нысананың тез және нақты орналасуын көрсетуде алғы шеппен және тереңдігі бойынша біркелді көрсетіледі. Таңдалған бағдар оңнан солға қарай және шептер бойынша өзінен қарсыласқа қарай қарай нөмірленеді. Әрбір бағдар есте жақсы сақталу үшін тек нөмір ғана емес, әр қайсысына түсіне сыртқы пішініне сәйкес шартты атаулар қойылады, мысалы: жазық төбе, сары құлама жар, төбесі қызыл үй. Жоғарғы бастықтың тағайындалған бағдарлардың нөмірі мен атаулары өзгермейді.
Бағдарлар бойынша бөлімше командирі қол астындағыларға тапсырмалар қояды, мысалы: «оң жақтан бағдар екі- сары құлама жар, сол жақтан бағдар үш- жалпақ төбе секторын бақылау» немесе «Оқ ату секторы- оң жақтан бағдар бір- төбесі қызыл үй».

Оқытушы :
Запастағы майор М.Бекенов

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет