1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі. 
Жаңа туған сәбидің бұлшықеттері толық 
қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-дай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 
600-ден астам бұлшықеттер бар. Бұлшықеттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы 
бұлшықет. Қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшықеттердің сүйекке бекитін сіңір 
бастары, денесі болады. Бұлшықеттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты 
қалыптасады. Бұлшықеттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшықет 
деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп 
бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. 
Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 
327 жұп және 2 сыңар бұлшықет бар. 
Бұлшықеттердің қызметі – жиырылу. Бұлшықеттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке 
жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздыруынан болады. Бұлшықеттің қызметі оның лобильділігіне 
де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. 
Бұлшықеттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және 
қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшықеттің күші оның 
құрылысына да байланысты. Бұлшықеттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет 
талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын 
фасция 
деп аталатын ет қабығы жабады. 
Бұлшықеттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты 
жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. 
Бұлшықеттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері 
жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшықеттердің дамуы 25-30 
жасқа дейін байқалады. 
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. 
Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты 
арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 
бөлігі мөлшерінде өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет