1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Қол сүйектері 
тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, 
алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады. 
Тоқпан жілік
20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып 
өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге 
болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады. 
Кәрі жіліктің 
қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
 
Білезік сүйектерінің 
қатуы 14-16 жаста аяқталады. 
Саусақ сүйектері
16-18 жаста қатып аяқталады. 
Жамбас белдеуінің сүйектерін
– сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды. 
Аяқ сүйектерін
- ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды. 


Ортан
жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан 
кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі 
жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін 
тоқтатады. 
Асықты жілік пен шыбығы 
қыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі. 
Табан сүйектері
өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан 
сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу 
барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ 
уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан 
пайда болады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа 
дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см 
болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет