1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


-тақырып. Қанның қызметі, құрамы. Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
 


8-тақырып. Қанның қызметі, құрамы. Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері.
Қан топтары. Иммунитет. 
1.
Қан ағзаның ішкі ортасы 
2.
Қанның пішінді элементтері 
3.
Қанның ұюы.
4.
Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері 
5.
Қан топтары және иммунитет 
6.
Иммунитет және оның түрлері 
7.
Иммунитеттің жас ерекшеліктері 
 
 
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 
л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %

1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 
7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай 
мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бүл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда 
қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп 
қалады. 
Қанның қызметі: 
1. Тасымалдау (клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды 
және организмдегі зат алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заттардың шығуына қатысады); 
2. Дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады; 
3. Организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді; 
4. Мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. 
Қанның құрамы. 
Қан п і ш і н д і э л е м е н т т е р , яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, 
лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық п л а з м а д а н тұрады. Қан жасушалары күллі 
қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға 
жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері: 
1. Плазманың о с м о с т ы қ қысымы деп оның кұрамындағы органикалық және бейорганикалық 
заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал 
затгарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым 
осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардьщ тірлігі үшін, плазманың 
осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор. 
2. Қанның б е л с е н д і р е а к ц и я с ы оның құрамындағы сутегінің иондарының 
концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. 
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен 
болатын реакциялар үшін маңызды, Қалыпты жағдайда қанның рН ~ 7,36 тен, бұл әлсіз сілтінің реакциясы. 
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның 
буферлік
жүйесінің үлкен маңызы бар. 
Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл 
немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда 
қанға зат алмасуынан пайда болған кышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин
карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары 
гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер. 
3. Қанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет