1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


-тақырып. Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы. Анализаторлардың маңызы, жалпы құрылысы, ортақ қасиеттері



бет23/83
Дата17.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#117687
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
лекция ЖЕФ

5-тақырып. Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы. Анализаторлардың маңызы, жалпы құрылысы, ортақ қасиеттері

  1. Сезім мүшелерінің құрылымы, қызметі, жіктелуі

  2. Талдағыштардың ортақ қасиеттері

  3. Көру талдағышы

  4. Жарықты қабылдау

  5. Көру талдағышының жас ерекшелігі

  6. Көру гигиенасы

  7. Дыбыс талдағышы

  8. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі

  9. Есту гигиенасы

  10. Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары. Олардың жас ерекшеліктері

Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, дәм, және висцеральды.
Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:

  1. Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.

2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.


Талдағыштардың ортақ қасиеттері:
1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады...
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу (көру, есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін (дәм сезу, тері талдағыштары) талдағыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет