№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд



Pdf көрінісі
бет46/52
Дата30.11.2022
өлшемі1,84 Mb.
#53651
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
12 такырып философия

3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, 
Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам 
болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет 
және коммуникация. Мәдениеті мықты мемлекетті бағындыру қиын. 
Себебі, адамзат тарихының өзі өркениеттер тарихымен тең. Өркениет сонау 
шумерлер мен мысырлықтардың, классикалық және мезоамерикандықтардың 
қалыптасуынан бастап, бүгінгі христиан және ислам, қытайлықтар (син) мен 
индустықтардың кезеңін қамтиды. Демек, ғаламда адам баласы дүниеге 
келген күннен бері өркениет ұғымы ажыраған жоқ. Белгілі жазушы Самюэль 
Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» атты гео-саяси трактаты қоғамда 
резонанс тудырды. Тарихпен сабақтасып келген атауды Макс Вебер, Эмиль 
Дюркгейм, Питирим Сорокин, Кребер, Филипп Бэгби сынды жазушылар 
зерттеген болатын. Мәдениеттер қақтығысы бірнеше ғасырға созылып келеді. 
Әлі де өз күшін жойған емес. Мәселен, Түркия басшылары ғаламдық 
деңгейге шығу үшін ертеден қалыптасқан өркениетін құрбан етті. 
Кемализмнің «алты жебесі»: халық қолдауына кеңінен ие болу, 
республикалық құрылымға көшу, ұлтты бір арнаға тоғыстыру, атеизм, 
экономика жағдайында мемлекеттік бақылауды нығайту тәрізді тағы да басқа 
реформаларды жүзеге асырды. Өз кезінде кемел саясат ұстануға бел 
буғанмен, дамыған батыстық үлгіге бағынды. Ұлы Петрдің үлгісіне еліктеген 


ол ертеден келе жатқан дәстүрлі бас киім тақияны киіп жүруге тыйым салып, 
шляпаны бастан тастамау жөнінде қарар шығарды. Әлбетте, халық наразы 
болғанмен, түптің түбінде жарлық өз күшіне енді. Есесіне, экономикалық 
жағынан шетелдік үлгіде дамып, 1952 жылы НАТО-ға мүше болды. Бірақ, 
мемлекеттің ата дәстүрі жойылуға сәл қалған еді. Өркениет ұғымын алғаш 
ХVІІІ ғасырда француздық философтар «тағылық» сөзіне қарама-қайшы 
ұғым деген болатын. Әлбетте, өркениеттің тағылықпен үш қайнаса сорпасы 
қосылмайды. Варварлық кезең он тоғызыншы ғасырдың қоғамтануында 
қалыптасып, эстетикалық үлгіні жоюға тырысты. Әсіре қатыгездік, 
мәдениетсіздікпен өмір сүрген елдердің өркениеті дамымайды. Аристотель, 
Сократ өмір сүрген антиктік мәдениет варварлықтың әсерінен құлдырап, 
формализм азайған болатын. Өркениеті мықты дамыған елдер жалқаулық, 
еліктеушілік және надандықтың салдарынан тағылыққа бейімделеді. Энгельс, 
Моргандардың кезеңі түсініксіз тілде сөйлейтін, қатігез қоғамға айналып, 
көзі ашық жазушы, музыканттардың ықпалымен мәдениетін қалпына 
келтірді. Демек, өркениет – тағылық емес! Өркениет – адамзаттың таңбалы 
тарихы, ән мен сәннің үйлесім табуы. Өз дәуірінде Шпенглер: «Өркениет – 
бір нәрсенің аяқталуы, ол белгілі бір қалыптасудан соң ғана келеді», - дейді. 
Бұл тұрғыда ғалымның сөзіне қарсылық білдірген жөн. Себебі, Хантингтон 
жазғандай, «өркениет бірнеше ұлтты қамтиды» және ерекше рухани орта осы 
қасиетке түбегейлі ие бола алады. Мәселен, Италияның оңтүстігіндегі 
дворяндардың мәдениеті тап сол Италияның солтүстігіндегі ауыл-
аймақтардың мәдениетімен тұтас та, өзгеше де бола алады. Демек, ол 
тұрғындардың ойына, қалауына байланысты. Адамдардың өздерін өздері 
теңестірудің де біршама деңгейі бар: сол Италиядағы Рим тұрғыны өзін 
белгілі бір дәрежеде римдікпін, католикпін, итальяндықпын, христианмын, 
еуропалықпын немесе батыс тұрғынмын деп сезіне алады. Алысқа бармай-ақ, 
өз елімізді мысалға алсақ. Қазақстандық азамат та өзін қалауынша Орта 
Азиялықпын, Шығыс қазақстандықпын, мұсылманмын, тәуелсіз тұлғамын, 
оппозиционермін, жеке тұлғамын деп түсіне алады. Яғни өркениеттің 
қалыптасуы адамзат баласының ой-өрісіне, өзіндік пайым-түсінігіне тікелей 
байланысты. Тарихтың жалпы барысында өркениеттер тірі жанды еліктеуге, 
жеке басын идентификациялық теңестірудің ең жоғарғы деңгейімен 
қамтамасыз етуге итермелейді. Еліктеудің өзі өркениет, ал бұл мәдениеттер 
қақтығысын туғызады. Хантингтонның еңбегінен ұққанымыздай, өркениет – 
мәдениеттің жоғары сатысы. Бұған біз аталған ұғым бір емес, бірнеше ұлтты 
бір арнаға тоғыстыратын ерекше рухани орта дер едік. Мәдениеті әлсіз 
мемлекет өркениетін жоғалтады, өзгеге «жем» болады. Бір топ жастан «сіз өз 
тіліңіздегі әндерді тыңдайсыз ба?» немесе «отандық киноларды қарайсыз 
ба?» деп сұрасаңыз, топтың ширегінің жартысы ғана бас изер еді. Себебі, 
заман жаңарған сайын, жастар санасы да шетелдік өнімге құштар. Ал бұл – 
ойланатын жағдай. Тағылық кезеңге сылдыр ақпарат, өзгеге еліктеу және 
мәнсіз сөз арқылы жету жеңіл. Ал тағылықтан сақтайтын бірден-бірі 
«дәрумен» – ертеден қалыптасқан өркениет. Өркениеттер қақтығысы" - 
американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу 


туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. 
Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа 
мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек 
С.Хантингтонмақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы 
және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. 
Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени 
қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің 
деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-
ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың 
субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол 
қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, 
жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын 
американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс 
аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі 
қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында 
болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын 
судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, 
кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен 
көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.). 
Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі 
және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын 
Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, 
конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. 
Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі 
кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік 
әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп 
саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. 
Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең 
бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты 
көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, 
буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, 
конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия
еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы 
құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам 
құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті 
құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік 
теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың ақыры" жөніндегі тұжырымына және 
либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы 
салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану 
қарсыластары 
қолдануда. 
"Өркениеттер 
қақтығысы" 
мақаласы 
философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-
талас тудырды. 
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, 
әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі 
экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. 


Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономикалық 
ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық 
ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы 
көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет 
көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл 
шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың 
постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік 
жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің 
экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және 
қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін 
тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың 
қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне жеке филиалдардың жұмысын 
үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік 
береді Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс 
Еуропаның шағын капиталистік елдері және қоныс аударған капитализм" 
елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, 
Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш 
орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл 
елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны 
айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және 
өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік 
елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының 
да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. 
Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк 
қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары. Өтпелі экономика тән елдер 
тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы 
және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, 
Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын 
көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан 
нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда. Дамушы елдер тобын саны 
жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың 
барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл 
елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық 
айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен 
сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының 
сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе 
қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы 
жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан 
айқын көрінеді. Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық 
еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне 
байланысты алты топшаға жіктейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет