Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Микотоксикоздар
Тексерген:Зайнеттинова Д.Б
Орындаған:Абдрахова А.А
Семей 2015
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Фузариоз.
2.2 Споротриеллотоксикоз
2.3 Фузариограминеаротоксикоз
2.4 Афлатоксикоздар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Микотоксикоздар — микотоксиндермен адамның және жануарлардың улaнуы. Микотоксикоздар – өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану – стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады. Микотоксиндер топырақта көп кездесетің фитопатогенді және сапрофитті саңырауқұлақтардың көбісімен продуцирленеді. Олармен продуцирленетің микотоксиндер жинаудың, сақтаудың және өндеудің қолайсыз жағдайларында ауылшаруашылық дақылдарында жинақталады.Әсіресе жануар текті азықтарда микотоксиндердің анықталуына көп көніл бөлу керек(етсүтті тағамдар, жұмыртқа). Микотоксиндер қоректін құрамында көгеру болмаса да болуы мүмкін.Жануарлардың улануы күзде және ерте көктемде болуы мүмкін. Микотоксиндер сыртқы орта факторларына төзімді болып келеді, оның ішінде суыққа, жоғары температураға, құрғатуға, ультрофиолет және ионды сәуле әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |