Ежелгі Үнді философиясын негізгі үш кезеңге бөлу қабылданған
Б.д.д.ХV – VI ғ.ғ аралығы- ведалық кезең
Б.д.д VI-I-і ғ.ғ эпикалық кезең
Б.д.д II біздің дәуіріміздің VII ғ.ғ. аралығы сутралық кезең.
Ежелгі Үнді гносеологиясының ерекшелігі– заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер.
Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады;
1.Атман – Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
2.Манас - өмір барысында қалыптасқан адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.
Үнді философиясындағы түсініктер
Сансара – жанның тән мен космостық Брахман арасында тоқтаусыз, мәңгілік қозғаласы.
Карма – адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс әрекетіне байланысты.
Мокша –карма тоқтайтын,жан эволюциясы,космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы.
Ахисма- жер бетіндегі тіршілік формаларының өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахисманың басты қағидасы «Кіші бауырларға,тірі табиғатқа қиянат жасамау».
Ведалар(сөзбе сөз «білім» деген мағынада) –б.д.д.XVғ.ғ. Орта Азия,Еділ жағалауы, Ираннан Үндіге көшпелі тайпалар-арийлер келіп қоныстанғаннан кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш діни философиялық трактаттар жиынтығы.