өзі дүдәмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін
Еуропа мен Азияға
қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші», біресе азиаттық бастаманың
басымдығына байланысты олардың синтезі болды.
Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномәдени
бірегейлігіне және идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін
ұмыта отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық идеологиямен
теңестірілді. Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи,
әлеуметтік, геосаяси,
этнологиялық, этнопсихологиялық жақтарды, яғни
табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани
әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз
«Еуропа» мен «Азияны» біріктіреді, бірақ олар философиялық мәні жағынан
«Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.
Бұлардың мәнін аша отырып, Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық
қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлік-практикалық бағдарламасы
тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.
Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын негізгі идея адамды
қоршаған
дүниенің
жетілмегендігін
және
адамның
әлеуметтік
қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқындайды. Демек, дүние одан
әрі жақсаруды,
қайта құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет
етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы –
заттық-практикалық, материалдық іс-қимыл.
Оның мақсаты – сыртқы дүниені өзіне барынша бағындыру және оны
адамның әлеуметтік иемденуіне және үстемдік етуіне қарай бағындыру.
Дүниеге шығыстық қатынасты алсақ, ол қарама-қарсы негізге аяқ тірейді
және түбірінен басқа мақсатқа бағытталған. Шығыс адамы үшін әлем шексіз,
сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені
қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды,
оның санасын өзгертуді
талап етеді. Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рухани
жанды нәрсе бола тұрып, адам өзінің физикалық шектелуін және нәпсісін
жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан
Шығыстың басты қағидасы –
адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын
жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.
Егер Батыстың ұраны: «Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта
өзгерт» десе, Шығыстың ұраны: «Өзіңді өзің танып, соның негізінде санаңды
қайта өзгерт». Ал Еуразияның ұраны: «Ізгілік жасау немесе жақсылыққа,
жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам
бол!», рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен
Батыстың
озық технологиясын, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін
ұштастырған толыққанды адам бол!
Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еуразия құрлығында ең шешуші
суперэтностар – славян және тұран (түркі тілдес) халықтарының кейінгі
ұрпаққа қалдырған бай философиялық мұралары бар,
олардың жиынтығын
Еуразия философиясы деуге әбден болады. Сондықтан Еуразия
философиясында тұрандықтар мен славяндардың философиялық дәстүрлері
арасындағы сұхбат үдерісі өте қажет. Осының нәтижесінде Еуразия