1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Ғылыми педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны



бет11/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Ғылыми педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны

Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы
талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді
ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу.
Олардың біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика
ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір
бөлігі зерттеледі.
Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану.
Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру
түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады.
Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін
қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға
қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады,
бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс,
диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс
анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы,
мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп зерделенуі, ғылымның арнайы
құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша
анықталады.
Педагогикалық зерттеудің түрлері. Педагогика саласын-дағы зерттеулер деп педагогикалық үдерістің заңдылықтары, оның құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және
тәсілдері ту-ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін
айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үдерісінің құбылыстары мен
деректерін түсіндіреді және болжайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет