1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырып: Тұлғаны дамыту, қалыптастыру,тәрбиелеу факторларының өзара байланысы



бет13/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

3.Тақырып: Тұлғаны дамыту, қалыптастыру,тәрбиелеу факторларының өзара байланысы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың ара қатынасы.



Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.
Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.
Субъект – белсенді, біртұтас адам.
Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.
Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.
Адамның онтогенетикалық уақыты:
- Жаңа туған нәресте – индивид;
- Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;
- Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;
- Даму барысында адам даралықты иеленеді.
2.Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі.
Тұлға – субъектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас қасиеттерді жинақтайды. Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиына. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.
Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялық және экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу т.б.).
Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды.
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:
1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.
2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.
3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті тіркейді.
Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент, интеллект, адамның дене бітімінен құралған.
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық.
Петровский тұлғаның 3 құрылым көмпонентін көрсетеді:
1. интроиндивидті компонент – темперамент, мінез, қабілет.
2. интероиндивид - өзара қатынас, өзара әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.
3. метоиндивидті – субъектінің басқа индивид бойында жалғасуы (персонализация).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет