1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет1/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12


1.Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Педагогика ғылымы оның даму кезеңдері

- Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді.Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.


Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»-балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан кейін қалыптасқан.


Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын,
алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет