1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі



бет2/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігіежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460- 370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.),Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді.
Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың
бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес.
Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді –көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет»… Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында
педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада
төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. «Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет