Педагогиканың дамуында оның басқа ғылымдар-мен байланысы ерекше маңызды рөл
атқарады. Педагогика өзiнiң ғылыми қалыптасуында философия , əлеуметтану, этика, эстетика, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, этнография, математика, кибернетика жəне т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетiлуде. Аталған жəне басқа ғылым салаларынан көптеген идеяларды педагогика өзiнiң зерттеу аймағы тұрғысынан өңдеп тəрбиенiң мəн-мағынасын тереңiрек түсiнуге жəне соның көмегiмен тəрбиенiң теориялық негiздерiн нақтылауға пайдаланады.
Мысалы, жоғарыда айтылғандай, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда əдiснамалық тараптан жəрдемдеседi, яғни ғалымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды көрсетедi. Педагогикалық зерттеулердiң осындай əдiснамалық бастаулары əлеуметтану, этика, эстетика жəне т. б. ғылымдардан алынады. Ал басқа ғылымдардың идеялары тəрбиенiң нақты саласындағы педагогикалық проблемаларды шешуде тiкелей негiз бола алады. Мысалы, психология деректерi педагогика үшiн адамның жеке тұлғалық ерекшелiктерiмен оның iшкi жан-дүниелiк заңдылықтарын балаларды оқыту процесiнде дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Физиологиядағы iс-əрекеттiң шартты рефлекстiгi жөнiндегi идеялар адамда сыртқы əсерлердiң ықпалымен болып жататын өзгерiс-тердiң жəне тəрбиеленушiде ептiлiк, дағды мен əдет қалыптасудың ғылыми негiздерiн ашуда өз себiн тигiзедi.
Сонымен, адам жөнiндегi басқа ғылымдардың идеялары педагогикаға тəрбие
заңдылықтарын терең жəне жан-жақты зерттеуге мүмкiндiк ашады. өз дəуiрiнде К. Д. Ушинский ''Педагогикалық антропология'' еңбегiнде ''Егер педагогика адамды əр тараптан тəрбиелегiсi келсе, онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты танып алуы тиiс'' - деген. Мұнысымен көрнектi ғалым педагогика үшiн адам зерттеушi антропологиялық ғылымдардың бəрiмен де терең таныс болу қажеттiгiн баса айтып отыр.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екiншi тарапы - олардың зерттеу əдiстерi мен тəсiлдерiн үйрену жəне шығармашылықпен игерiп, пайдалану. Нақтырақ айтсақ,