1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырып: Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны



бет19/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

5.Тақырып: Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Педагогика тарихындағы тәрбие мәселесі

Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі.


Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес. өз-өзінді тану аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі үйымдастыру керек. үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеуден түсінді.
Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді. Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша: тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие).
Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру). -"өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағытұстанымынан айныған емес.
Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш- қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының: биігінен көрінуі кажеттілігіне тоқталса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп анықтаған. Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д. Ушинский жазғандай: "Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші "бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмытылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамга жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық" - деп те түсінеді.
Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педаготтар жастардың бүгінгі мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн. Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді.
Әрине, бұл позиция-тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып. күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады. Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты - қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған түлғаны дайындау деп санады. "Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды"- деп, К.Д. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет