Бақылау сұрақтары:
1. Табысқа салынатын салық дегеніміз не?
2. Салық төлемі бойынша үнемдеу қалай болады?
Әдебиеттер:
1.Сұлтанова, Б.Б. Салық есебі.- Алматы, 2008
2.Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру.- Алматы, 2009
3.Шарипов, А.Қ. Салық есебі.- Алматы, 2009
4.Султанова, Б.Б. Налоговый учет.- Алматы, 2007
5.Нурхалиева, Д.М. Налоговый учет.- Алматы, 2007
Тақырып 14. Қосылған құн салығының есебі.
ҚҚС түсінігі, салық салудағы ҚҚС орны.
ҚҚС байланысты салық салудың объектісі.
Қосылған құн салығынан ұсталатын салық және қаржылық есебі.
1.Қосылған құн салығы өндіріс процесінде және тауар (жұмыс, қызмет) айналымы, сонымен қатар ҚР-на тауарларды импорттау кезінде аударуға қосылған, өткізу бойынша салық салынатын бөлігін бюджетке аударуды көрсетеді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС, өткізілген тауарларға ( жұмыстар, қызметтер) есептелген және алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін төленуге тиісті ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Салық есептілігін дұрыс түсіну үшін салықтық есептеулердің дұрыстығына көңіл аудару қажет, яғни есепке алынған және төленуге тиісті ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын, салық органдарына аударуға тиісті сомаларды дұрыс анықтау.
ҚҚС–ті төлеушілер болып жеке кәсіпкер, мемлекеттік мекемелерден басқа заңды тұлғалар, ҚҚС бойынша есепке тұрған ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұлғалар; ҚҚС–ті жеке төлеушілер болып мойындалған заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері, сонымен қатар тауарларды импорттау барысындағы - тұлға, яғни ҚР – ның кеден заңнамасына сәйкес осы тауарларды республикаға импорттаушылар табылады.
Қосылған құн салығының есебі
ҚҚС бойынша салық есептілігін салық салу объектілерінің толық және дұрыс есебінен бастау қажет, себебі бұл обьектілер төлеушілердің салықты төлеу бойынша міндеттемесінің пайда болуы үшін негіз болып табылады. ҚҚС салудың негізгі объектілеріне тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша операциялар, сонымен қатар салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт жатады.
Салақ салынатын айналым өнім өткізу орны ҚР болып табылмайтын ҚҚС–тен босатылған айналымнан басқа, тауарды ( жұмысты, қызметті) өткізу бойынша айналымды көрсетеді. ҚР–ның кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, ҚР – ның аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар СК –нің 255–бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда, салық салынатын импорт болып табылады. Әдетте салықтық зардаптарды алып келетін ҚҚС есептеу үшін негіз болып табылатын өткізудің мәнділігі, тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуді экономикалық тұрғыдан түсінуді талап етеді.
Қазіргі заңнамалар екі жақтың нақты келісімшартымен анықталған кезінде пайда болатын меншікке өту құқығын өткізу дәлелдерімен байланыстырады. Салықтық заңнамалар бұл дәлелді төлеу талаптарымен де (ақылы немесе ақысыз) байланыстыра алады. Салық салу мақсатында өткізу деп танылған операциондық қызмет дәлелдері, төлеушіге белгілі бір салық зардаптарын әкеледі; яғни төлеуші ҚҚС бойынша салықтық шегерімдерді қолдану құқығын жоғалтады және есептелген міндеттемелерді алдын-ала қысқарту бойынша салық сомаларын өтеуге міндетті. Біздің ойымызша салық заңнамаларын дұрыс қолдану үшін, салық төлеушінің келісілген мәселелерін (мүлік, тауар, жұмыс, қызмет) дұрыс жіктеуде жетеді. Сондықтан кәсіпорынның есеп саясатында тауар, мүлік, жұмыс, қызметтің қай түрін өткізетініне және кесім-шарт құралы не болып табылылатынына байланысты (олардың қарым-қатынасы сызбадакөрсетілген) салық есептерінің өзгеру жағдайларын қарастыру қажет.
Салық салу объектісінің ерекшелігі салық объектісінің құнды сипаттамасын көрсететін салық базасының ерекше есептеу тәртібін көрсетеді. Салық базасын есептеу төлеушілермен-заңды тұлғалармен әрбір салық кезеңінің (ай, квартал, жыл) қорытындысы бойынша жүргізіледі. Есеп негізіне бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтері, сонымен қатар құжаттармен бекітілген салық салу объектісі бойынша басқа да мәліметтер есепке алынады. ҚҚС бойынша есеп пен салық есептілігінің негізгі құжаты болып шот-фактура табылады. Ол ҚҚС бойынша есепке жатқызудың негізі болғандықтан салық төлеушілердің барлығына міндетті құжат болып табылады.
Шот-фактурада келесілер көрсетілуі керек:
Шот-фактураның құрастырылған күні мен реттік нөмірі;
Жабдықтаушының және тауарды (жымысты, қызметті ) сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы ,мекен-жайы және тіркеу нөмірі, сонымен қатар жабдықтаушының қосылған құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлік нөмірі;
сатылатын тауарлардың атауы;
салық салынатын айналымның көлемі;
қосылған құн салығының нөмірі;
қосылған құн салығының сомасы;
қосылған құн салығы ескерілген тауарлардың құны
операцияға қатысушы тұлғалардың қол таңбасы мен мөрі.
ҚҚС бойынша шот-фактурада және декларацияда көрсетілген алу және сату бойынша мәліметтердің дұрыстығы, есеп саясатында белгіленген алу және өткізу кезінде төлеушінің таңдап алған әдісіне байланысты , салық шоттары бойынша айналымның дұрыс қалыптасуын бағалаумен расталады.
ҚҚС есебінің негізгі әдістері пропорционалды және бөлек есептеу болып табылады.
Пропорционалды әдіс бойынша есепке алынатын ҚҚС сомасы жалпы айналым сомасының салық салынатын үлес салмағы ретінде анықталады. Пропорционалды әдсті қолдану мақсаты үшін, салық заңнамаларына сәйкес ҚҚС бойынша есепке алынбайтын, ҚҚС-тан босатылған тауарларды өткізу барысында өткізу бойынша айналымға өткізу құны мен тауарлардың баланстық құнының оң айырмасы қосылады.
Бөліктету әдісі бойынша есепке алынатын ҚҚС сомасын анықтау барысында ҚҚС төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсатында пайдалану үшін алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) көрсету бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
ҚР СК –де ҚҚС бойынша есепке жатқызудың тәртібі келесілерді қамтиды: жеке төлеушінің есепке алу туралы арызды беру тәртібі; ҚҚС бойынша есепке алынуға тиіс тұлғаларды анықтау; сату бойынша айналымды және сату орны ҚР болып табылмайтын және салық салынбайтын сату бойынша айналымды анықтау; сату бойынша айналымның минималды мөлшері бекітілген 15 000 айлық есепті көрсеткіш; тұлғаларға салық салудың басталу мерзімі; салықты жеке төлеушілер ретінде қарастырылатын, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін бекіту.
ҚҚС-тың ставкасы 12 %-ға теңеседі (2012 жылға дейін әр жыл сайын ҚҚС-тың ставкасы 1 %-дан төмендейді) және салық салынатын айналымның мөлшеріне қолданылады, алайда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бар. Олар: экспортқа тауарларды өткізу бойынша айналым, аффинирленген құнды металдарды өткізу бойынша айналым, халықаралық тасымалдау қызметтерін іске асыру бойынша айналым, сонымен қатар арнайы экономикалық аумақтарда іске асырылатын айналымдар.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Тауарлар экспортын растау құжаттары келесілер:
экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, жүктің кедендiк декларациясы .
Магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар жүктің толық кедендік декларациясы;
3) кеден органының белгілері бар тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері.
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт режимінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерге нөлдік ставка бойынша салық салынады: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға; халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдау.
Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылса, онда тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.
Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС – тың ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінен 12%-ға теңеседі. Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды импорттау барысында, ҚҚС ҚР-ның заңнамасымен анықталатын жиынтық кедендік төлем құрамында төленеді. Қосылған құн салығынан босатылған өткізу бойынша айналымдар келесілер болып табылады: мемлекеттік меншікке жекешелендірілген тауарлар мен қызмет көрсетулер; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар арасында тіркелген активтерді беру; жарғылық капиталға салымдар; ҚР-ның Ұлттық банкінің қызмет көрсетулері; мемлекеттік бажды алумен байланысты мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулері; пошталық және акциздік маркалар; адвокаттардың қызмет көрсетулері; жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулері; Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулері. Бұдан басқа келесі арнайы сипаттағы оерациялар салықтан босатылады: жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар; қаржылық қызметтер көрсету; қаржылық лизинг; коммерциялық емес ұйымдардың қызмет көрсетулері; медициналық және ветеринарлық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер; мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар; инфрақұрлымдық жобаларды өткізумен байланысты қызметтер мен жұмыстар; мүгедектер ұйымдарының айналымы, геологиялық барлау жұмыстары; кәсіпорын бөлімдерінің немесе кәсіпорынды сату; импорттың кейбір түрлері.
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтердің түрлері іске асырылуы үшін арналған жобалық –смета құжаттарына сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы обьектілерді іске кірістіру және құрылыс процесінде толығымен қолданылатын арнайы экономикалық аймақтардағы тауарларды өткізуге ҚҚС нөлдік ставкамен салынады .
Бюджетке төленуге тиісті салық сомасын анықтау барысында, негізгі құралдар, қызметтер мен жұмыстарды қоса алғанда алынған тауарлар салық салынатын айналым мақсатында қолданылса, сонымен қатар келесі талаптар орындалса: тауарларды (қызметті, жұмысты) сатып алушы ҚҚС төлеуші болып табылса; шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шот-фактурасын немесе басқа да құжатты ұсынған болса; ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес рәсімделген және ҚР-ның бюджетіне бекітілген тәртіпте төленген жүктің кедендік декларациясында көрсетілген салық сомасы; ҚҚС төлегенің растайтын салық органымен берілген төлеу құжатында көрсетілген салық сомасы; тасымалдаушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген, темір жол немесе әуе көлігінде берілетін жол жүру билетінде бөлек жолда көрсетілген салық сомасы; есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы; қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесінде көрсетiлген салық сомасы; фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданумен алынған тауарлардың ( қызметтердің, жұмыстардың) бақылау чектерінде көрсетілген салық сомасын сатып алушы есепке жатқызуға құқығы бар.
Қосылған құн салығы тауарлар (қызметтер, жұмыстар) алынған немесе шот-фактуралар берілген салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Қосылған құн салығы, егер: ҚҚС төлеушінің кәсіпкерлік қызметімен байланыссыз іс-шараларды өткізумен байланысты тауарларды; қонақ үй ретiнде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды; негізгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi; тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
Салық Кодексіне сәйкес қосымша құн салығының алдыңғы кезде есепке жатқызылатын сомалары мына жағдайларда түзетіледі:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын болып танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
5) сот жеке кәсіпкерлік субъектінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәміле деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша;
6) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
7) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған, мәмiленiң шарттары өзгерген, өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген, бағаны түсірген, сату бағасын түсірген, өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
Тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету жоғарыда аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетін сомаға барабар активтерді сатып алу күні қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлігінде есепке жатқызылудан алып тасталады.
Есепке жатқызылатын қосымша құн салығының сомаларын түзету берілген операциондық қызметті растайтын шот-фактура қабылданған салық кезеңінде жүргізіледі.
Салық Кодексіне сәйкес салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процентті құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге, қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және төмендегі құжаттар негізінде қайтару жүргізіледі.
1.Салық кезеңі ішіндегі қосымша құн салығы бойынша декларация;
2. Экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
3. Тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау үшін, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) қайта өңдеу режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн жүктің кедендiк декларациясы;
2) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу режимінде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды кеден бақылауымен қайта өңдеу) режимiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктің кедендiк декларациясының көшiрмесi;
4) жүктің кедендік декларациясының көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды кедендік бақылаудағы қайта өңдеу режимін шет мемлекеттің аумағында еркін айналыс үшін тауарларды шығару режиміне немесе экспорт режиміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
4. Берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
1) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
2) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.
Қосылған құн салығын қайтару төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түскен кезде;
Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын қосылған құн салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және қосылған құн салығы салынуға жатады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
2. Есепті салық кезеңінің соңында өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты жүзеге асырса;
2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процент құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін белгілеуді және мынадай:
1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымға байланысты;
2) қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау тәртібін белгілейді.
Бюджетке төленетін қосымша құн салығы есептелген ҚҚС- пен, яғни 3130 шотында көрініс табатын сатушылармен ұсынылған шот- фактурада көрсетілген ҚҚС – жеткізушілерден алынған шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын, 1420 шотында көрініс табатын ҚҚС сомалары арасындағы айырманы білдіреді.
Егер 3130 шотындағы сомма 1420 шоттағы сомадан көп болса, онда берілген айырма бюджетке міндетті түрде аударылуы керек. Егер 3130 шотындағы сомма 1420 шоттығы сомадан кем болса, онда бұл айырма келесі кезеңнің есебіне алынған шотына ауысады.
Дайын өнімді (тауарлар, қызметтер, жұмыстар) өткізу кезінде:
Дт 1210-
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары
|
Кт 6010-
|
Келісілген баға бойынша дайын өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс
|
Дт 1210-
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары
|
Кт 3130 -
|
Қосылған құн салығы
|
Материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, инвестицияларды, қаржы инвестицияларын және т.б. активтерді өткізу барысында келесі екі жақты жазу жүргізіледі:
Дт 1210 -
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары
|
Кт 6210 -
|
Келісілген баға бойынша активтерді сатудан түскен табыс
|
Дт1210-
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары
|
Кт 3130 -
|
Қосылған құн салығы
|
Достарыңызбен бөлісу: |