Алымды төлеу аукцион өткiзгеннен кейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Төленген алым сомалары қайтарылмайды.
Алым төлеушiлер аукциондар өткiзгеннен кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша салық органдарына алым жөнiнде декларация тапсырады (қосымша).
Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
Төлемақы дегеніміз белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде “қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы” енгізілді.
Енді осы төлемақылардың экономикалық мазмұнына тоқталып өтейік.
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.
Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады. Арнаулы су пайдалану су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi. Су ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.
Төлемақы салынатын объектiлерге жатады:
жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi.
Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырғаны үшiн алынады. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат бойынша ластау белгiленген лимиттерден тыс ластау ретiнде қаралады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақының салық салу объектiсi ретінде ластағыш заттарды белгiленген лимиттер шегiнде және олардан тыс шығарудың, тастаудың (авариялық тастауды қоса алғанда), өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты көлемi болып табылады.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады.
Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.
Жануарлар дүниесiнiң мынадай санаттары үшiн төлемақы белгiленедi:
аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi;
өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық аулаудан басқа).
Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Көлік құралдары – бұл орын ауыстыру немесе орын ауыстыру объектісін бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруына мүмкіндік беретін мобильді құрал. Оған жеңіл автомобильдер, жүк, арнайы автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар және пневматикалық жүрістегі механизмдерді, автобустарды, матоциклдер, матороллер, мотошана, катер,судалар, букарлер, бухталар, яхталар, ұшу аппараттарын жатқызуға болады.
Жүк көтерімділігі 40 тонна және одан жоғары карьерлік автосамосвалдар және арнаулы медициналық көлік құралдары салық салудың объектісі болып табылмайды.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшiн алынады:
1) ағаш дайындау;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;
3) екінші дәрежелі ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршіктері мен бұталарды) дайындау;
4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шипалы өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсеніштері мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсатында және рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану.
Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Бұл орайда, алынған өнiм, оның ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттi бөлiгiн қоспағанда, орман қоры учаскелерi иелерiнің меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулердiң бағдарламаларын және әдiстемелерiн негiзге ала отырып белгiленедi және орман шаруашылығы басқармасының аумақтық органдарымен жасалған келiсiмде немесе шартта көрсетiледi.
Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және орман қоры учаскелерінің аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақыҚазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушініі кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысынын есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.