1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы


Қосымша құн салығы бойынша салық есептілігі



бет35/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Лекция Салык есеп

Қосымша құн салығы бойынша салық есептілігі
Қосымша құн салығы бойынша салық есептілігі салық төлеушімен есеп саясатындағы немесе салық есеп саясатындағы оның қабылдаған салық салудың әдістеріне қатысты дербес жасалады. Салық есептілігін өткізу мерзімі ай немесе тоқсан болуы мүмкін, бірақ келесі есеп кезеңінің 20 жұлдызынан кешіктірілмеуі тиіс. Егер алдағы тоқсанның бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы 1 000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) құраса, онда салықтық кезең күнтізбелік ай болып саналады. Салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша декларацциямен қоса салық кезеңі ішінде келіп түскен тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бойынша шот-фактуралардың реестрін ұсыну қажет. Импортқа шығарылған тауарлар бойынша қосымша құн салығы кедендік төлемдерді төлеу үшін, салық есепке алу әдісімен төленетін жағдайлардан басқа, ҚР-ң кедендік заңнамасымен анықталатын күнде төленеді.
Қосымша құн салығы бойынша салық есептілігінің негізігі элементтері болып барлық қосымшаларымен бірге (операциондық қызметтің ерекшелігіне байланысты) 300.00 нысанды қосымша құн салығы бойынша Декларация, 307.00 нысан (барлық қосымшаларымен бірге операциондық қызметтің ерекшелігіне байланысты) шот-фактураларының реестрі болып табылады.
ҚҚС бойынша салық есептілігінің әрбір элементін жеке қарастыру, салық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды құрастыру әдістерін дамыту үшін қажетті.
Біздің пікірімізше ҚҚС бойынша салық есептілігін барлық салық төлеушілер үшін міндетті етіп жіктеу қажет.
Кесте 1. ҚҚС бойынша салық есептілігінің жіктелуі

№ п/п



Нысандар №

Нысан атауы

Класс

1

300.00

Қосымша құн салығы бойынша Декларация

міндетті

2

300.01

ҚҚС салынатын, тауарларды (қызмет, жұмыс) өткізу бойынша айналым

міндетті

3

300.02

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым

Жүзеге асыру барысында

4

300.03

Салық салынатын айналым мөлшерін түзету

Жүзеге асыру барысында

5

300.04

ҚҚС–н босатылған тауарларды (қызмет, жұмыс) өткізу бойынша айналым

Жүзеге асыру барысында

6

300.05

ҚР территориясында сатып алынған тауарлар бойынша есепке алынған ҚҚС сомасы (барабарлық әдісті қолдану арқылы толтырылады)

Жүзеге асыру барысында

7

300.06

Есепке алынатын келіп түскен тауарлар бойынша ҚҚС сомасы (бөлек есептеу әдісін қолдану арқылы толтырылады)

Жүзеге асыру барысында

8

300.07

Тауарлар импорты, бұл тауарлар бойыша ҚҚС-ты төлеу мерзімі өзгертілген

Жүзеге асыру барысында

9

300.08

Есепке алуға қатысты ҚҚС сомаларын түзету

Жүзеге асыру барысында

10

300.09

Есепке алу әдісімен төленетін тауарлар импорты бойынша ҚҚС

Жүзеге асыру барысында

11

300.10

Алдағы салық кезеңдерінен өткізілетін ҚҚС бойынша есепке алу

Жүзеге асыру барысында

12

307.00

Салық кезеңі ішінде келіп түскен тауарлар (қызмет, жұмыс) бойынша шот-фактуралардың рестрі

міндетті

13

307.01

Салық кезеңі ішінде келіп түскен тауарлар (қызмет, жұмыс) бойынша шот-фактуралардың рестріне қосымша

міндетті

14

310.00

Қосымша құн салығы бойынша Декларация (Патент бойынша ҚҚС-ң есептелуі)

Жүзеге асыру барысында

Қазіргі таңда салық комитетінің Интернет порталында қосымша құн салығының арнайы ақпараттық жүйесі бар, онда ҚҚС бойынша салық есептілігінің барлық электронды нысандары қамтылған және де ол салық комитетінің электронды порталы арқылы салық есептілігінің электронды нұсқасын өткізу қамтамасыз етеді. Бұл ақпараттық жүйені қолдана отырып кәсіпорын бухгалтері салық есептілігін тек толтыра алады және Интернет арқылы жібере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет