Өзін өзі тексеру сұрақтары
1) Екінші ретті анықтауыш дегеніміз не?
2) Екінші ретті анықтауышты белгілейтін кестені жаз;
3) Кесте ретінде берілген екінші ретті анықтауышты
есептеу ережесін айт;
4) Үшінші ретті анықтауыш дегеніміз не?
5)Үшінші ретті анықтауышты белгілейтін кестені сипатта;
6) Кесте ретінде берілген үшінші ретті анықтауышты
есептеудің Саррюс ережелерін айт.
7) Кеңістіктегі тікбұрышты декарт жүйесі қалай анықталады? Осы жүйенің өстерін ата.
8) Кеңістіктегі М нүктесінің абсциссасы, ординатасы және апликатасы қалай анықталады?
9) Кеңістіктегі тікбұрышты декарт жүйесі қандай шартты қанағаттандырғанда оң жүйе болады? Қандай жүйе теріс деп аталады?
10) Кеңістіктегі нүктелердің ара қашықтығы қалай анықталады?
11) кесіндісін қатынаста бөлетін М нүктесі қалай анықталады?
12) Төбелері нүктелерінде жатқан үшбұрыштың ауданын анықтайтын формуланы жаз. Дәлелде
2 тақырып. Математикалық талдау бойынша негізгі түсінік.
Нақты сандар жиыны. Сандық тізбектер. Сандық тізбектің шегі.Жиынның жоғарғы және төменгі шегі. Монотонды шектелген тізбектің шегінің бар болуы. «е» саны. Натурал логарифм. Қабдықайыр Қ.Жоғары математика.199-207 бет.
Функция және оның қасиеттері.Күрделі , айқын емес функция. Параметрлік түрде берілген функция.Функцияның жұптылығы және тақтылығы, периодты функция, монотонды,кері функция. Негізгі элементар функциялар және оның графиктері.Функцияның шегі.Шегі бар функцияның қасиеттері. Шексіз аз функциялар және оның қасиеттері. Шексіз аз және шексіз көп функциялар арасындағы байланыс. Шексіз аз және шексіз көп функцияларды салыстыру. Шексіз аз және шексіз көп функциялардың эквиваленттілігі,оларды шекті есептеуде қолдану. Функцияның үзіліссіздігі.Негізгі элементар функциялардың үзіліссіздігі. Функцияның нүктедегі үзіліссіздік қасиеттері.Қосындының, көбейтіндінің және бөліндінің үзіліссіздігі. Күрделі функцияның үзіліссіздігі. Біржақты шектер. Біржақты үзіліссіздік. Функцияның үзіліс нүктесі және оны классификациялау.Кесіндіде үзіліссіз функция қасиеттері: шектелуі,ең үлкен және ең кіші мәндерінің бар болуы, аралық мәндерінің бар болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |