ҚабдықайырҚ.Жоғары математика,208-223 бет.,243-296 бет.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Қандай сандар нақты сандар жиынын құрайды? Сандар өсіндегі қандай нүктелер рационал, қандай нүктелер иррационал сандардың бейнесі болады?
2.Айнымалы шама дегеніміз не? Қандай шама тұрақты деп аталады?
3.Сандар өсіндегі қандай нүктелер жиыны аралық, интервал, сегмент, жартылай интервал немесе жарты сегмент деп аталады, олар қалай белгіленеді?
4.Нақты сандар жиынының үзіліссіздік қасиеті қандай теорема арқылы беріледі?
5.Сандар тізбегінің және оның шегінің анықтамасын айт. Шекке көшу ережелерін ата.
6.Ақырсыз аз және ақырсыз үлкен шамалардың анықтамасын бер. Олардың арасында қандай байланыс бар? Қасиеттерін ата.
7.Қандай ақырсыз аз шама бір ретті, қандай ақырсыз аз шама эквивалентті деп айтылады? Қандай жағдайда бір ақырсыз шама екінші ақырсыз шамамен салыстырғанда жоғарғы (тµменгі) ретті деп аталады?
8.Бірінші тамаша шекті жаз. Дәлелде.
9. Қандай тізбектер өспелі, кемімейтын, кемімелі, өспейтын деп аталады? Мысалдар келтір.
10.Қандай тізбектер бірсарынды деп аталады?
11.Бірсарынды тізбек шегінің бар болу белгілерін ата.
12.Екінші тамаша шекті жаз. санының бар болатынын дәлелде, жуық мәнін тап.
13.Бір айнымалыдан тәуелді функцияның анықтамасын айт.
14.Функцияның анықталу облысы, өзгеру облысы дегеніміз не?
15.Функцияның берілген нүктедегі шегі деп нені айтады?
16.Бірінші тамаша шек деген не? Ол қандай анықталмағандықты шешеді?
18.Екінші тамаша шек деген не? Ол қандай анықталмағандықты шешеді?
19.Қосындының, көбейтіндінің және бөліндінің шектері туралы теоремаларды айт.
20.Біржақты шектердің анықтамаларын айт
21.Функцияның берілген нүктедегі үзіліссіздік белгісін айт.
22.Үзіліс нүктелерінің белгісін және түрлерін айт.