1-тапсырма. Берілген өлең үзінділеріндегі одағай сөздердің астын сызып, көшіріп жазыңыз



Pdf көрінісі
Дата25.09.2024
өлшемі195,87 Kb.
#145675
Байланысты:
12-практикалық жұмыс



ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ 
 
Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді 
1-тапсырма. Берілген өлең үзінділеріндегі одағай сөздердің астын 
сызып, көшіріп жазыңыз. 
1.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді...
Бүгінгі дос - ертең жау. 
Мен не қылдым, япырмау
?! (Абай)
2.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай! 
Сен менің Шолпанымсың жанған ұұдай, 
Өзіңде өмір сүру қандай бақыт, 
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай
!(М.Мақатаев)
3.
Дауылды дариядай жағыр ғалам,
Ғаламның сырын байқап ақьш да алаң.
Тылсымда талмаусырап бара жатсам.
Намыстын отын жағар атың маған. 
О, менің батыр бабам!
 (Ф.Оңгарсынова)
4.
Беу-беу, шіркін!
Қайран құлагерім-ай! 
Терең көл боп кеппей жатқан терің-ай.
Аңыз етіп сақтаған, 
Тонырақтағы Ай таңбалы мөрің-ай (К. Салықов). 
2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі одағайларды анықтан, тиісті 
жерлерге тыныс белгілерін қойып жазыңыз. 
1.
Шіркін Алматы таңы! (З.Қабдолов). 
2.
Алатау шіркін паң-ақ-ау! (З.Қабдолов). 
3.
Дала шіркін кеңпейіл аңқылдаған мырза жігіттей бүкпесі жоқ ашық-
жарқын-ау! (Б.Тілегенов). 
4.
Паһ шіркін дала дала... Қасиетті кең дала, жанға сая құт мекен! 
(З.Қабдолов). 
5.
Пай-пай жүйрігің жалын желге желпіп елбең қағып есіле майпандап 
келе жатса сен бесіктегі баладай тербелесің ғой! (З.Қабдолов). 
6. О Ыстықкөл алыста ғой балам! (Қ.Жұмаділов). 
7.
Әй Нареке-ай қиналдыңыз-ау! Ой Нареке иесін сұрайсыз? 
(С.Бақбергенов). 
8.
«Уа дариға алтын бесік туған жер, Қадірінді білмей келсем кеше 
гөр...» (Қ.Аманжолов) 
 


3-тапсырма. Берілген мәтіннен бірынғай сөйлем мүшелері бар 
сөйлемдерді тауып, тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңыз. 
Туған жер 
Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын тау-тасын өзен-суын өзі білегін 
жерлерін түгел аралады. Бұрынғы ескі қала үлкен қала: Құмкент, Баба-Ата, 
Қызылкөл, Қызылсеңгір, Қаратас, Қызылтас, Қапшағай, Сасықбұлақ, 
Шиліөзен, Қанымсай, Шаштөбе - бәрін бірін қалдырмай аралап шықты. Осы 
аралауда табиғаттың кәрілік кезін ұлғайған кезін есіне түсірді. Жер-су аттары 
қартаяды екен. Мұны Қамбарбеке өзінше жер кәрілігі деп ұқты. Кеше ғана 
шиге тұнып тұрған, сол мол шиі үшін ІІІиліөзен атанған жердің өзіндегі 
адамдарды былай қойып сонау Сарыарқадан Сарысу, Шу бойынан келіп 
тартатын. Шиліөзен шиінен тоқылған шилер талай-талай әдемі үйлердің 
салтанаты болған (С.Бақбергенов). 
КӨП НҮКТЕ 
 
Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. 
Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол 
айтуға қолайсыз сөздер болуы да мумкін. Осындай жағдайларда сөйлем 
соңында көп нүкте(…) қойылады. Көп нүктенің қойылатын бірнеше орны 
бар:
 
1.а) Айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіру үшін көп нүкте 
кейқойылады. 
Егер көп нүкте кейіпкер сөзінде келсе, 
қазір қажеті
жоқ
дегең сияқты 
ойды да білдіреді. Мысалы: 

Қара дауыл, топырақ.... 

Мәке,

деді Раушан сөзді бөліп. 

Қайтесің нұрланның шала теориясы .... Баянауылдың жері жетеді 
жыртуға...(З.Шашкин) 
 
ә) Негізгі ой желісіне қатысы жоқ басқа бір оқиғаны еске түсіру қажет 
болса, сөйлемнің ортасы мен азатжолдың (абзацтың) басында да көп нүкте 
қойылады. Мысалы: 
...Қазақтың академиялық опера театрында студенттерге арналған балл. 
Көз ілеспей дөңгеленіп биле п жүрген достарына қарап Нұрлан тұр
(З.Шашкин).
2.Сөйлеуші көңіл күйінің әсерінен қысылып сөйлей алмағанда, асығыс 
айтқанда, ойдың бөліңу себептеріне байланысты дауыс ырғағындағы үзілісті 
(пауза) білдіру үшін көп нүкте қойылады. Мысалы:

- Үндеме ... енді қоя тұр ... Сөз бітті! – деп, Оспан Абайдан ендігі 
ақылды сұрағысы келместеп тұра жөнелді 
(М.Әуезов). 


3.Айтуға, естуге қолайсыз, тұрпайы сөздердің орына жазуда көп нүкте 
қойылады да, мағынасы контекст арқылы ұғынылады да, мағынасы контекст 
арқылы ұғынылады. Мысалы:

 
- Қарашы, сөзін қарашы ... қаскөйдің, жоқ қылайын сен итті! – деп 
Әзібай тап берді (М.Әуезов).
4.Біреудің шығармасынан үзінді, дәйектеме алғанда, оны ықшамдап 
алуда үзілген жеріне көп нүкте қоюға болады. Мысалы:
Бұдан кейінгі жылдары қазақ балалар фольклорының әр түрлі үлгілері 
“Балдырған”, “Ақ желкен”, “Ұлан” сияқты мерзімді басылымдарда жиі 
жарияланып, мектеп оқулықтарында кеңінен пайдаланылады ... 
(“Рухани 
уыз”.)
5.Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларда уақыт әсерімен өшіп, 
жойылып кетуі де кездеседі. Оларды жарияларғанда, сілтеме жасағанда 
осындай көрінбеген, түсініксіз болып тұрған жерлердің жерлердің орына көп 
нүкте қояды, ол тіпті тұтас бірнеше жол болуы мумкін. Мысалы: 
Соғыстық. 
Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты. 
Башғы боз..................... 
.................Екеуін өзі құртты 
(“Күлтегін” жырынан). 
Мұндағы көп нүктелер тастағы жазудың өшіп қалған отнына қойылған.
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет