1-тапсырма. Келесі сипаттама бойынша Қазақстан территориясындағы төмендегі пайдалы қазбалар мен кен орындарының атауын анықтаңыз



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі460,38 Kb.
#48871
  1   2   3



9 сынып. Олимпиада жұмысы
1-тапсырма. Келесі сипаттама бойынша Қазақстан территориясындағы төмендегі пайдалы қазбалар мен кен орындарының атауын анықтаңыз:

1. Қазіргі уақытта бұл кен орны Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады, шетел капитал салымының көлемі 5,5 млрд.доллардан астам. Кен орнын өңдеу дүниежүзіндегі 4 халықаралық компаниялардың жетекшілігімен жүреді: Би-Джи Групп (Ұлыбритания), Эни (Италия), олардың үлесі 32,5 % құрайды, сонымен қатар, Шеврон (АҚШ) – 20% және капитал үлесі 15% болатын ЛУКОЙЛ (Ресей).


2. …- дүниежүзінде осындай қуаттылығы үлкен қима алғаш рет ашылды. Осыған байланысты 1980 жылы Гиннес рекордтар кітабына енгізілді (барлау кезінде 1 млрд.тан астам өңделді), оның өндірістік қуаттылығы – жылына 50 млн.т.


3. Барлық дүниежүзінде беріліп отырған пайдалы қазбаның кен орны Африканың дамыған елдерінің бірінде Куруман, Маматван, Весселс кен орындарында өндіріледі. Ең маңызды руда түзетін минералдарға қатысты: пиролюзит, псиломелан және т.б. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша бірінші үштікке кіреді. Кен орынның атауы қаланың атымен аталады, қаланың елтаңбасы суретте көрсетілген.







Бағалау өлшемдері:
Пайдалы қазбаларды дұрыс тапқаны үшін – 2 ұпайдан
Кен орнын дұрыс тапқаны үшін – 3 ұпайдан
Нәтижесі: 15 ұпай.
2 – тапсырма. Келесі географиялық объектілерді кескін картаға белгілеңіз:
Тұран жазығы, Мұғалжар тауы, Қызылқұм құмдары, Бетпақдала, Торғай қақпасы, Қарқаралы, Қалба жотасы, Сауыр – Тарбағатай, Қырғыз Алатауы, Қаратау, Тобыл-Обаған жазығы, Каспий маңы жазығы, Үстірт үстірті, Арал маңы Қарақұмдары, Үлкен және Кіші Борсық.

Бағалау өлшемдері:
Географиялық объектілерді кескін картаға дұрыс белгілегені үшін – 1 ұпайдан.
Нәтижесі: 15 ұпай.
3 – тапсырма. Географиялық объектілердің жұптастырылуының қағидаларын анықтаңыз және бос орындарды үлгі бойынша толтырыңыз:
Үлгі: Дунай – Қара теңіз, Нигер – Гвиней шығанағы
1. Колорадо – _____________; 6. _____________ – Ладож көлі
2. Дарлинг - ______________.; 7. ______________– Чад көлі,
3. ______________ - Миссисипи өзені. 8. Десна – ________________;
4. Муррей - ________; 9. Сырдария – ________;
5. Тежу - ________; 10. Висла - _________.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет