1-тапсырма «Кенесары-Наурызбай» дастанына композициялық талдау жаса. Басталуы Дамуы Шиеленісуі Шарықтау шегі Шешімі 2-тапсырма



Дата31.12.2021
өлшемі16,66 Kb.
#23496
Байланысты:
9-сынып БЖБ№1 2-т


Пәні: қазақ әдебиеті

Тоқсан: ІІ

Сынып: 9
1-тапсырма
«Кенесары-Наурызбай» дастанына композициялық талдау жаса.


  1. Басталуы

  2. Дамуы

  3. Шиеленісуі

  4. Шарықтау шегі

  5. Шешімі

2-тапсырма

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» шығармасында автор психологизмі қай тармақтардан көрінеді.




Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің ,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көпке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сырқаты - сары бал,
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке
Үстіме кисем деп едім.
Қанықейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді
Ителгі көзің төңкеріп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артына салсам деп едім.
Тілекті Тәңір бермеді,
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім.


3-тапсырма

«Кенесары-Наурызбай» дастанының идеясын азаттық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарымен байланыстырып бүгінгі күн тұрғысынан баға бер. Не себепті Кенесары Қасымұлын қазақтың соңғы ханы деп атайды?


4-тапсырма

Махамбет Өтемісұлы сөзіне кластер жаса


5-тапсырма
«Тарихта терең ізі бар» деген тақырыпта «Кенесары-Наурызбай» дастаны мен байланыстыра отырып эссе жаз. (150-180 сөз)

Пәні: қазақ әдебиеті

Тоқсан: ІІ

Сынып: 9


1-тапсырма
Махамбет толғауларының тақырыбы мен идеясын жаз (5-6 сөйлем)

2-тапсырма
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің шығу себептері мен сәтсіздікке ұшырау себептерін анықта (8-10 сөйлем)

3-тапсырма
Махамбет Өтемісұлының бейнесін топтастыру арқылы жаса?
4-тапсырма
Азаттық, еркіндік үшін күрескен тағы қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олардың өмірі мен негізгі мақсаттары Кенесары Қасымұлының тағдырына ұқсай ма? Өз пікірлеріңді жазыңдар.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….».

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…».

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….».

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…».


5-тапсырма
«Махамбет – өр рухты батыр, өршіл ақын» тақырыбына эссе жаз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет