Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) – Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.
2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29 бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118 Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |