2. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету
1-ші мақсат. Ақпараттық-коммуникация қызметтер тізіміне сәйкес жұмыс жасау.
3. Компания жұмысының нәтижелілігін арттыру.
1-ші мақсат. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2-ші мақсат. Адами ресурстарды басқару.
СРСП
1-тапсырма:Сіз бастаушы кәсіпкерсіз. Өз аймағыңызда қандай көмек қызмет түрлерін, кімнен ала аласыз? ? Бастаушы кәсіпкерлер қандай қиындықтарға тап болады?
Кәсіпті бастауда адамға керегі тәуекелдік қасиет деп білемін. Бастаған істі соңына жеткізі менімше кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Бірақ бастадыңба аяғына дейін жеткізу шарт деп білемін, мейлі қаншама кедергілер шықса да! Қандай да бір қиындық келсе қарсы тұра біліп, көздеген мақсатқа жету үшін аянбай тер төге білу керек деп санаймын. Бүгінгі сабақта мен жеке бастаушы кәсіпкермін- яғни маған қолдау керек деген сөз. Бизнесте кез-келген уақытта құлай саласың, және кез-келген уақытта өрлей саласың. Соның алдын ала отырып жете бақылауда мұқият ұстау керек. Менің өмір сүріп жатқан аймағымда ашылатын бизнес түрлері өте көп, және біз оған мұқтажбыз! Олардың бірегейі орыс тілін оқытатын курстар ашу. Егерде осы кәсіпті бастасам көптеген ата-аналар мені қолдайды деген ойдамын. Орыс тілін білу керек қәзіргі заманның талабығой, әрбір жастың біліп , жан-жақты өскенін қалар едім. Және де азық-түлік сататын супермаркеттер де өте аз. Азық түлік алуға өзге де аймақтарға барып жатады, соны жан-жақты қарастырып, супермаркет ашатын болсақ, халықты қамтамасыз етеміз деп ойлаймын. Өзге де ауыл аймақтарға бармайақ, жақын жерден алып, пайдаланатын болады. Осындай кәсіпті бастап жатқанда басқа да адамдар көмек қолын созады деген ойдамын. Әрине бұл менің ойым, шамалап қана айтып отырмын, шындығында бәлкім олай да емес шығар! Өзім бизнес бастап тәуекелшілік жасамағасын, кесіп айту қиын әрине. Бірақ кез-келген адам жасай алатындықтан жан-жақты қарастырып, мұқият бастау керек деп ойлаймын.
Бастаушы кәсіпкерде ең алдымен уайым болады, қалай жасаймын қалай өнімін көре аламын деген сияқты. Ондай ойлардың болуы заңдылық. Дегенменде кейбір жағдайларда біз күтпеген жайттар болып жатады, яғни біз ойламаған жерден жоспарланбаған сәтсіздіктер орын алып жатады. Бәрі бірдей жақсы бола бермейдіғой, ондай қиындыққа да дайын болу керек деп ойлаймын. Әрине алғашқыда сатып алған тауарлар өтпеуі мүмкін, яғни көпшіліктің бұл жайында білмеуі, күдікпен қарауы заңдылық. Құлдырау, сәтсіздік, бәрі біз ойлағандай болмау , сенімнен шығу, өз-өзіңе деген сенімдікті жоғалту міне осылар қиындық болып табылуы мүмкін менімше, алғаш бастап жатқасын, көп нәрсені білмеу де ықтимал, бірақ та осылай адасып деймін бе, қателіктер жіберіп, жан-жақты дамимыз , өз кәсібімізді қалай жүргізу екенін ұғамыз! Осындай кішігірім қиындықтан шығып кетсек, бізді көптеген жарқын белестер күтуде, сондвқтан да кез-келген қиындыққа төтеп беріп, оны жеңе білуімізде!
Достарыңызбен бөлісу: |