4. Олар үшін бұл ұсыныстың ең көп пайдасы неде?
Бұл орыс тілін оқытудағы ұсынысымда, балалар қиналмай, өзге тілді оңай меңгеретін болады. Тіпті тілді меңгеруде еріншектік жасайтын балалар үшін, оларды қызықтыру барысында, оларда таңданып, игеруге талпынысы пайда болады. Және олардың орыс тілін жоғарғы балл түрінде меңгергенін растайтын сертификат берілгендіктен, олардың өздері де білім сапаларын көбейтіп, мен сияқты балаларды оқытумен айналысатын болады.
Кондитерлік өнімде менің ұсынған ұсынысымда, күнделікті көріп жүрген бірнеше ғана торт өнімдері емес, өзгеше, жаңашылдық енгізгендіктен оларда отбасын қуанту үшін, жақын адамдарына осылай сыйлық жасайтын болады. Айрықша өнім болғандықтан, клиенттерімнің қызығушылығын артады деген ойдамын.
5. Өнімдер мен қызметтердің қандай қасиеттері сіздің клиеннтеріңізге қосымша артықшылықтар (пайда) әкеледі.
“Орыс тілін оқыту” курсымда менің шәкірттеріме алып келер артықтшылықтары деп – өзге тілді меңгеріп, өз белестерін бағындыруға алғашқы қадамын жасайды. Қәзіргі заманда орыс тілін білмеу күн көріске деймін бе кері әсері көп. Қайда барсаңда орыс тілі деңгейімін жұмысқа алады дегендей. Әсіресе оңтүстікте білмейтін жастар көп деп айтуға болады, олардың мүмкіндіктерін көбейтіп, орыс тілін білетін жастардың санын арттыру үшін тырысқым келеді. Сол кезде олар өздері қалаған мемлекеттік жұмысқа, жоғары оқу орнында, өзін көрсетуге, жақсы бітіріп шығуға мүмкіндік деп ойлаймын.Сонымен қатар көзі ашық көкірегі ояу ұрпақтардың, әсіресе тек қазақ мәдениетімен шектеліп қана қоймай, басқа елдің тарихымен, мәдениетімен танысу үшін саяхаттау мүмкіндігіне ие бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |