№1 БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ Тақырыбы: Физиология пәніне жалпы сипаттама. Физиологиялық зерттеу әдістері. Қозғыштық, қозғыштықтың өлшемдері. Қозғыш тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
ХАТТАМА РӘСІМДЕУ
№1 Тапсырма. Қозғыштықтың өлшемдері мен олардың анықтамысын жазу.
№
Қозғыштықтың өлшемдері
Анықтамасы
1
Қозу табалдырығы
(Реобаза)
Қозу үдерісін яғни (минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады. Реобаза- қозу тудыратын токтың минималды күші.
2
Әсердің пайдалы уақыты
Табалдырық күшпен әсер еткенде қозуды тудыратын ең аз уақыт, яғни бір реобазаға тең күшпен әсер еткенде қозу алуға кеткен ең минималды уақыт.
3
Хронаксия
Екі реобазаға тең күшпен әсер еткенде қозу алуға кеткен уақыт. Клиникалық жағдайларда хронаксияны хронаксиметр аспабының көмегімен анықтайды.
4
Аккомодация жылдамдығы
Қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі. Күш үдеуінің ең аз уақытымен өлшенеді. Аккомодация жылдамдығы тіннің қозғыш дәрежесін сипаттай алады.
5
Лабилдік
Лабилдік лат құнақылық, тұрақсыздық –белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі. Лабилдік деп деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы әрекетттік ширақтығын айтады. Лабилдік-қозу үдерісінің-ең қарапайым физиологиялық әсерленістің қаншалықты ұзақ екенін көрсетеді.