Жұмыс нәтижесі: Виртуалды практикумда берілген нұсқа бойынша жүйке мен етке әсер ету кезіндегі миограмманың суретін салу.
Әсер
Жазып алынған миограмма
Көлденең жолақты бұлшық еттің қозғалтқыш нейронына электрлік стимулдың бір уақыттағы бірнеше әсері
Тура бұлшық етке электрлік стимулдың бір уақыттағы бірнеше әсері
Қорытынды: Бұл тәжірибеде біз көлденең жолақты бұлшықеттің қозғалтқыш нейронына және тура бұлшықетке стимулдың бір уақытта бірнеше тітіркендіргішпен әсерін және олардың қажуын миограмма яғни сызбанұсқа арқылы анықтадық.Екеуін салыстыратын болсақ, бұлшықетке тітіркенкендіргішті әсер еткенде оның жиырылуға қабілетті екенін көруге болады.Ал жүйке-ет талшығының бұлшықетке қарағанда тез шаршайтынын аңғаруға болады. Тапсырма № 8. АКСОН ДИАМЕТРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЗУДЫ ӨТКІЗУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ЖӘНЕ МИЕЛИН ҚАБЫҒЫНЫҢ БАР ЖОҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ. Мақсаты: әр түрлі жүйке талшықтарынан қозудың өту жылдамдығын өлшеу(жіңішке және қалың, миелинді және миелинсіз).
Жабдықталуы:персональды компьютер, «LuPraFi-Sim» жүрек виртуальды физиологиясы бағдарламасы.
Жұмыстың орындалуы: Бағдарламаны қолдану арқылы тітіркендіргіштің күшін бақаның шонданай жүйкесінің (миелинді) және егеуқұйрықтың миелинді және милинсіз жүйкесінің қозуды өткізу уақытына, өткізгіштігінің жылдамдығы мен арақашықтығына әсерін анықтау.
Жұмыс нәтижесі:Виртуалды практикумда берілген нұсқа бойынша бақаның шонданай жүйкесінің (миелинді) және егеуқұйрықтың миелинді және миелинсіз жүйкесінің қозуды өткізу уақытына, өткізгіштігінің жылдамдығы мен арақашықтығына әсерін кестеге толтырып жазу.